Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Мұнайдың суперциклі аяқталған секілді — Тоқаев

260
Сурет: «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты бағыттарды көрсете отырып мәлімдеді.

«Нұрлы жолдың» екінші кезеңі» еліміздің көлік-транзит секторының жетекші рөлін бекітуге бағытталуы тиіс. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі серпінді инфрақұрылымдық жобалар, жаңа елдер мен компанияларды тарту, сервис деңгейін және транзиттік бағыттардың жылдамдығын арттыру есебінен өсуі тиіс, —

деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін inform.kz келтіреді.—

Мен Үкіметке бизнеспен бірлесіп, бес жылға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі сапалы жаңа ұлттық жобаны әзірлеуді бастауды тапсырамын. Біздің негізгі міндетіміз — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету.

Стратегиялық жобалар үшін заттай гранттарды, жеңілдікті қаржыландыруды, ішінара кепілдендіруді, экспорттық қолдау тетіктерін пакеттік беруді көздеген жөн. Инвесторлардың күрделі шығындарының бір бөлігін салық міндеттемелеріне қарсы есепке алу арқылы өтеуге болады.

Жаңа жағдайға қарай экономикалық даму жолын таңдауымыз керек. Ұзақ мұнай суперциклі аяқталды. Әлемдік нарықтың мүлдем жаңа конъюнктурасына дайын болу керек».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз