Реттеуші мен биржа қоры бірлесіп мәлімдеме жасады.
Қазақстан үшін басты көрсеткіштердің бірі мұнай бағасы болып табылады. Ал ол күннен күнге арзандап баралды. 18 Наурызда Brent маркалы сорттың құны 25 доллардан төмен түсті. 2003 жылдың мамырынан бастап бұндай баға болған жоқ. Бір тәулік ішінде «қара алтын» 4 долларға арзандады. Жыл басынан бері үш ай өткен жоқ – Brent 45 долларға — 2,5 есеге төмендеді.
Ең алдымен нарыққа Сауд Арабиясының саясаты әсер етеді. Ол әлемді арзан мұнайға толтырып тастау туралы шешім қабылдады. Саудиттер үлкен дисконт ұсынды, олардың жеңілдігі 10 долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл өз нәтижесін көрсетті: мысалы, еуропалық нарықтағы ресейлік мұнайшылар үлкен қиындықтарды бастан кешуде.
«Міне екінші апта бойы мұнай трейдерлері ресейлік Urals мұнай баррелін порт арқылы Еуропаға сата алмай отыр. Reuters хабарлағандай, ағымдағы аптада Urals тендерлері нәтижесіз аяқталды. Әлемдегі ең ірі тәуелсіз мұнай жеткізуші Trafigura 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында шамамен барреліне $23 деген бағаны ұсынғанымен, бірде-бір сатып алушыны таппады.
Швейцариялық Glencore 4-8 сәуір аралығында Балтық порттары арқылы жеткізіп береміз деп, 100 мың тонна Urals өнімін сатуға шығарды. Бірақ тағы да сұраныс болмады», — деп жазады Proeconomics telegram-арнасының авторлары
Қазір, Reuters мәліметтері бойынша, әлемнің көптеген елдері Сауд Арабиясының мұнайына көшуге келісіп отыр. Ол көп, арзан, сапасы жағынан ресейлік Urals-тан кем емес. Сатып алушылардың бірі Беларусь болуы мүмкін – осыдан бірнеше апта бұрын Қазақстаннан экспорттау туралы сөз болды. Ал Ресей Минскіге қажетті жеңілдіктерді бергісі келмеді.
ЕАЭО бойынша серіктес елдер ендігі жерде Белорусь нарығындағы орнын саудиттерге беруі де мүмкін
Сауд Арабиясының белсенділігі танкерлер қызметі бағасының күрт өсуіне әкелді. The Wall Street Journal мәліметтері бойынша, бір тәулікке жалдау бағасы бірнеше күн ішінде 33-тен 200-300 мың долларға дейін өсіп кеткен.
Мұнай қазіргі деңгейде қанша уақыт сақталатыны белгісіз. Оның әлемдегі ұсынысы сұранысқа қарағанда әлдеқайда көп. Мұнай өндіру көлемі артып жатқанмен, сұраныс жоқ.
Сарапшылардың пікірінше, коронавирус індетіне қатысты жағдай тұрақтанғаннан кейін мұнайды тұтыну көлемі өсуі мүмкін. Бірақ бұның жағдайды түбегейлі өзгертуі екіталай. Біріншіден, қалған ірі әлемдік экономикалар қазір карантинде, сондықтан олардың сұранысы төмендейді. Екіншіден, осы себепті Қытайға өз тауарларын сатуға еш мүмкіндік жоқ – жылдам экспорттау қазірше мүмкін емес.
Мұнай бағасының төмендеуі, басқа да оқиғалармен бірігіп, бүкіл әлемнің валюталарына айтарлықтай үлкен соққы жасады. Доллар — қымбаттап жатқан жалғыз валюта. Инвесторлар өзінің барлық активтерін сатып, ең өтімді актив ретінде долларға көшіп жатыр. Бұл басқа валюталарға әсер ететіні сөзсіз.
Мысалы, Ресейде рубль бағамы 18 Наурызда 5,43 рубльге құлап, 80,87 рубльге жетті. 2016 жылдың ақпан айынан бері бұндай бағам болмаған. Бұдан да төмен құлайтын еді, алайда күндізгі дәлізден қымбат бағаға мәміле жасауға шектеу қойды.
19 наурызда Қазақстанда биржалық сауданың қорытындысын тағатсыздана күтті. Мұнай бағасының құлдырауы мен рубль бағамына қарап-ақ теңгенің тағы да арзандайтынын білуге болатын. Бұл туралы Ұлттық банк те білді. 19 наурызда ол Қазақстан қор биржасымен бірлескен мәлімдемесін жариялады. Құжатта 19 және 20 наурызда сауда-саттықта «Франкфурт аукционы» режимі жұмыс істейтіні айтылған еді.
«Франкфурт аукционы түрінде сауда-саттық өткізу туралы шешім клиенттердің өтініштерін қанағаттандыруға және валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін қолданылады».
Бұндай құрал алғаш рет 10 наурыздағы саудада қолданылды. Ұлттық банктің айтуынша, оның басты мақсаты – теңге бағамының негізсіз құбылмалылығының алдын алу.
kurs.kz-тің мәліметі бойынша Алматы қаласындағы көптеген айырбас бөлімдері долларды сатуды тоқтатқан, ал басқаларының 454 теңге деңгейінде сатқаны анықталды. Еуро 491-ден 525 теңгеге, рубль –5,85 -тен 6,2 теңгеге қымбаттады. Нұр-Сұлтанда доллар сатылымда жоқ.