Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мына баланың құлағы құрттап кеткенше қайда қараған? (видео)

Видеожазбада көрінгендей, дәрігер баланың құлақ қуысының ішінен тірі құрттарды алып жатып, оны санап тұр. Баланың қасындағы әйел адам да болған жайды дәрігерге баяндауда.

«Өзіне айт, шыдамаймын деп айт дедім. Мынаны шамалы көндіріп әкеліп тұрмын. Енеме айтсам, енем қолын бір сілтеді. Шешесі келген соң деп. Бүгін жылаған соң бәріне телефонмен шықтым мен. Әкесіне айтпай-ақ қой, әкесі уайымдайды дейді. Әкесі вахтада жұмыс істейді. Әкесіне де шықтым», – дейді баланы дәрігерге алып келген жанашыры.

«Миына кетеді ғой мынау, иә шірітіп жібереді де өледі ғой. Тезірек укол салыңдар, антибиотик беру керек, әйтпесе өлтіріп аласыңдар ертең. Мынау деген сұмдық қой, көкем-ау қалай жүрген. Видеоға түсіріп жатырсың ба, ертең мамасы сенбей жүрер. Әлі таусылар емес, әр жағында толып тұр. Пердесін жеп қойған», – дейді дәрігерлер.

Қазақ ғылыми зерттеу ветеринария институты мамандарының айтуынша, баланың құлағындағы құрттар етке түсетін шыбынның дернәсілдері болуы мүмкін.

Қазақ ғылыми зерттеу ветеринария институты директорының орынбасары, ветеринария ғылымының докторы, профессор Аида Әбдібекованың айтуынша, етке қонатын шыбындар жаз айларында пайда болатындықтан, тұратын жерді үнемі таза ұстау керек.

«Міндетті түрде тамақтың қалдығын тастайтын қоқыс салғыштың бетін жауып отыру, асхананы таза ұстау, ыдысты дер уақытында жуу сияқты күнделікті тұрмыстағы тазалыққа тиісті көңіл бөліп отыру керек. Шыбын өлтіретін арнайы дәрілік заттарды да пайдаланған жөн», – дейді маман.

https://youtu.be/uSs-UJwOXMY

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз