Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Мүмкін емес!”. АҚШ-тан келген сарапшы Тоқмәдидің өтірігін әшкереледі

Олар қайтыс болған банкирдің жаңа неміс қаруы өздігінен атылу мүмкіндігін анықтап беруі тиіс еді.

Сот шетелдік мамандар оқиға орныныда болмағандықтан, олар сотта куә ретінде емес, сарапшылар ретінде жауап беретіндерін айтты. Бірінші болып Майкл Патрик Мерфиден жацап алынды. Ол бұл істі саралау үшін бірнеше адамнан құралған сот-сараптама тобы шақыртылғанын айтты. Мерфи мылтық құрбанға қарай бағытталып тұрғанын және оқ тек шүріппені басқан кезде ғана атылуы мүмкін екенін айтты.

“Айыпталушы шүріппе өздігінен басылып, атылып кетуі мүмкін дегенді айтқан. Бұлай болуы мүмкін емес. Сондай-ақ мылтық траекториясы де арнайы бағытталған. Мылтық тек артқы орындықта болған.(…)

Мылтық құрбанға қарай бағытталып, ол оны бақылап отырған. Мылтық шүріппені басқан кезде ғана атылуы мүмкін”, –

деді сарапшы.

https://kaz.365info.kz/myrathan-tokhmadi-taraz-khalasynyn-sotyna-zhetkizildi-301760

Майкл Патрик Мерфи сондай-ақ банкир өліміне қатысты тағы бір дәйекті де жоққа шығарды. Ол банкир өліміне қатысты отбасының күдігін, яғни оқты көліктің алдыңғы  орындығында отырған Тәтішевтің оққағары атуы мүмкін емес дегенді айтты.

“Жоқ ол мұны істей алмас еді. Біз барлық траекторияларды қарап, компьютерлік моделін құрап шықтық. Оқ артқы жақтан сәл төмендеу жерден атылған. Мұны қасында отырған адам істей алмас еді, – деді маман.

Криминалист мылтық өздігінен атылуы мүмкін емес екенін айтты. Ол сондай-ақ мылтық ақаулы болуы мүмкін деген ойды да жоққа шығарды.

“Бұл істе қолданған мылтықтың  бағасы өте қымбат. Қарудың өздігінен атылып кетуі ешқашан болған емес.

Біз сондай-ақ осы қаруды ылғи тазалайтын адаммен де кездестік. Ол мылтық мінсіз болғанын айтты. Осыдан кейін, қаруды полиция да тексеріп шықты, бірақ мылтықтың өздігінен атылу мүмкіндігі дәлелденген жоқ. Мұндай дәйекті қазақстандық сарапшы Ломакин да растады. Ол қару өздігінен атылмайтынын айтты”, – деп түйді сөзін Мерфи.

Криминалист-мамандар компьютерлік моделдеу арқылы оқтың траекториясын анықтағаны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

https://kaz.365info.kz/sol-kezde-atyp-zhiberdim-atyshuly-myrathan-tokhmadi-13-zhyl-zhasyrgan-khypiyany-zhariya-etti-301859

 “Тоқмәди бірнеше рет әр-түрлі жауап берді. Біз командамызбен оның әр-бір жауабын дәлелдеп көрмекші болдық. Оның біреуі оған люктен шығып жатқанда, қару берілгені болған. Бұл мүмкін емес. Сондай-ақ қарудың алдыңғы орындықта болуы да мүмкін емес.

Сондай-ақ үшінші дәйек  қару сақтандырғышта тұрды дегені де сәйкес келмейді. Оның саусақтары оқ атылғаннан кейін мылтықтың ілмегінде болған.

Егер бұл оқыс жағдай болса, ол оқ атылғаннан кейін мылтықты тастап жіберер еді. Алайда  ол мылтықты қолында ұстап тұрған.

Біз өлтірудің барлық жолдарын қарастырдық, алайда компьютерлік моделдеу арқылы траекторияны анықтаған соң, осындай шешімдерге келдік”, – деп түйді сөзін сарапшы.

Мұратхан Тоқмәдидің ісіне байланысты басты сот отырысы 16-ақпанда басталды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз