Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Мұқағали Мақатаевтың Дінмұаммед Қонаевқа жазған хаты

244

“Социалистік Қазақстаннан” шығарылып, қызым қайтыс болып, оған қоса бірнеше ет жақын туған-туысқандарымның қазасынан кейін күйініп, бәрінен баз кештім. Бұның бәрі 1962-1964 жылдардың арасында болған еді.

Сол тұста мен өмірімде түзелмейтін қате жібердім. Әрине, оны мойындау оңай емес.

Қасақана ма, жоқ па білмеймін, өзіңіз төреші болыңыз, дер кезінде уақтылы жарна төлемей, СОКП қатарынан өзімнен-өзім шығып қалдым. Билетті Совет аудандық партия комитеті тартып алды. Сырғабекова хатшы болатын. Ол тап болған жағдайда шығуға жол таба алмай тығырыққа тірелдім.

Қалай дегенде де өз кінәмнан тазару үшін шығармашылықта шарқ ұрып ойландым, толғандым, іздендім. Бар жан-тәніммен ел жұртыммен бірге екенімді танытқым келді.

Біздің қоғамда адам өзін таң шығындай таза сақтау, қандай ғанибет. Өкінішке қарай, қаншама тер төгіп еңбектенсем де, бұдан он жыл бұрын жіберген қателік еш тыным бермейді маған.

17.V.1974 ж.

(От поэта Макатаева Мукагалия, проживающего в. г. Алма-Ате, по улице Панфилова, 147 кв. 95)

Әсет Ақмолданың

Facebook парақшасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз