Алматыда қашқын банкир Мұхтар Әбілязовтің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы айыпталушының өзі болмаса да сыртынан өткізілетін болды.
БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтің ісі бойынша алдын ала тыңдау Алматыда 17-наурызда өтеді делінеді сот қаулысында.
Сот тыңдалымы Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта 17 наурыз күні сағат таңғы 10-да ашық жағдайда өтеді. Сот өндірісінің тілі ретінде орыс тілі таңдалды.
“Алдын ала тыңдау туралы мемлекеттік айыптаушыға, сотталушыларға, авдокаттарға, жәбірленуші өкіліне хабар берілсін”, — делінген құжатта.