Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мұхтар Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

178

“Сотқа дейінгі іс жүргізу мен жинақталған дәлелдемелердің негізінде а.ж. 17 тамызында Мұхтар Әблязовтың әрекеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  28-бабы 3-бөлігі (Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты қылмыстық топты құрған не оған басшылық еткен ұйымдастырушы), 96-бабы 2-бөлігінің «ж», «з» тармақтары бойынша сараланды”, – делінеді хабарламада.

Әблязов Мұратхан Тоқмәдимен бірлесе отырып, «Тұран Әлем банкінің» бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевтің өлімін пайдакүнемдік ниетпен қасақана ұйымдастырды деп күдіктелуде.

Ендігі ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, Мұхтар Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «шыны королі» Мұратхан Тоқмәди Тәтішевті өлтіргенін мойындаған еді. Өз кезегінде ол Әблязовтың тапсырмасын орындағанын айтты. Ол биылғы жылдың наурыз айында 10 жарым жылға сотталды. Тоқмәди жазасын айрықша тәртіптегі түрмеде өтеп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз