Иә, өзбек президенті Шавкат Мирзияевтың бұл қадамы, шынымен, үлгі болатын жақсы жаңалық екен. Әйтпесе, еліміздегі мұғалімдердің шәкіртерімен атқаратын жұмысы жайына қалып, олардың жергілікті әкімдіктердің айтқанын екі еткізбей атқаратын тегін жұмыс күшіне айналғалы қашан.
Oinet.kz ақпараттық-сараптамалық сайтының жазуына қарағанда,
Өзбекстанда бұдан былай барлық білім беру ұйымдары жергілікті хокимияттарға емес, тікелей Халыққа білім беру министрлігіне қарайтын болады.
Ал қазіргі таңда Халыққа білім беру министрлігінде тазалау шаралары жүріп жатыр екен. Министр Шерзод Шерматов 25 маусымда барлық басқарма басшылары мен аппараттағы бөлім басшыларын қызметтерінен босатып жіберді.
– Мұндай шешім президент Шавкат Мирзияевтің тапсырмасы бойынша, министрліктегі кадрларды жаңарту үшін жасалды, – делінген Халыққа білім беру министрлігі таратқан ресми хабарламасында.
Қарамағындағы қызметкерлерімен кездесу барысында
Шерзод Шерматов бұдан былай министрлік сапа, әділдік және ашықтық қағидалары бойынша жұмыс істейтінін мәлімдеді.
– Осы қағиданы қатаң ұстанғандар ғана министрлікте қалады, ал оған дайын еместермен қоштасатын боламыз, – деді министр.
https://kaz.365info.kz/mektep-m-alimderi-bilim-zh-jesindegi-byly-tardy-ashy-ajta-bastady-229166
20-маусымда Өзбекстанда халыққа білім беру министрі Ұлыбек Иноятов қызметінен алынып, оның орнына инновациялық даму министрінің орынбасары болып жүрген Шерзод Шерматов тағайындалған болатын. Экс-министрдің орынбасарларының да креслолары жаңарды.
21-маусымда селекторлық мәжілісте
елдің премьер-министрі Абдулла Арипов облыстың, қаланың, ауданның хокимдеріне мұғалімдерді, мектеп директорларын жиналысқа шақыруға тыйым салды.
https://kaz.365info.kz/basty-bden-atyrdy-au-b-l-zh-jeni-ma-saty-m-alimdi-zhyndy-ylu-ma-212299
Бұдан былай мектептер тікелей Халыққа білім беру министрлігіне бағынатын болады.