Антикоррупциялық қызмет өкілдері Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі комитетінің басшысының орынбасарын сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікпен ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, Б.Мусин кәсіпкерден параның кезекті 400 мың теңге сомасындағы бөлігін алу үстінде ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Параның жалпы сомасы 1,4 миллион теңге. Тергеу жүріп жатыр.