Әртіс «Махаббат — жұқпалы ауру» деп жазып, сол арқылы қазір біреумен кездесіп жүргенін білдіргісі келді.
«МАХАББАТ – жұқпалы ауру! Жұғу жолдары: вирустары көз арқылы кiрiп журекке әсер етедi. Белгiлерi: күндiз күлкі жоқ, түнде ұйқы жоқ, тамаққа тәбеті жоқ. Күтiмi: күнде кездесу. Емi — үйлену!», — деп жазды Мөлдір.
Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова 2015 жылы тұрмысқа шықты, бірақ некесі сәтсіз болды. Олар заң жүзінде ажырасып кетті. Әнші баласына 5 ай толған кезде күйеуі Арыстанның отбасын тастап кетіп қалғанын айтты. Ол содан бері баласын жалғыз тәрбиелеуде, бұрынғы күйеуінің өзімен де, оның отбасымен де араласпайды.