Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Мөлдір Әуелбекова 15 жылда алғаш рет жеке концертін өткізді

501

Орталық концерт залына келген астаналықтардың санында шек болған жоқ деп хабарлайды NUR.KZ.

Соңғы 15 жылда алғаш рет ән кешін өткізген Мөлдір Әуелбекова концерт бойы өзінің репертуарындағы танымал әндерді орындады.

Әнші кеш бойы түрлі образдармен көрермендерді таң қалдырумен болды. Эстарада жұлдызы бір әнінде қазақ қызының образында шырқаса, келесі бір әнін күлгін қызғылт түсті көйлекте орындады.

«Оқыстан…». Сахнада сүрініп кеткен Тамара Асар өздігінен тұра алмай қалды (видео)

Белгілі әнші концерт барысында “Астана сазы” этно-фольклорлық ансамблімен бірге аспапта ән сүйемелдеп те, көпті таң қалдырды.

Көпшіліктің сүйікті әншісі Мөлдір Әуелбекова Төреғали Төреәлі және Мейрамбек Басбаевтермен дуэт орындап, көпшілікке танымал “хит әндерді” айтты.

Айта кетерлігі, Мейрамбек Бесбаев аталған концертке құр алақан келмеген екен. Ол Әуелбековаға алқызыл түсті гүл шоғын сахнада сыйлап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Меруерт Түсіпбаева өзіне еркек керек екенін айтты

Кеште сондай-ақ, әншінің өзі жетекшілік ететін “Назар” тобы да өнер көрсетті.

Көпшілікке әсіресе, әншінің ұлына арнап орындаған “Балапаным” атты әні қатты әсер етті. Олар ыстық ықыластарын аямай, ду қол шапалақтаумен болды.

Айта кетерлігі, кешке келген қонақтардың қатарында Мөлдір Әуелбекованың әкесі де болды.

Концертке келушілердің қатары көп болғаны соншалық, залда ине шаншар орын болған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз