Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Мойнында крест”. Баян Алагөзова Оразада кешірім сұраймын деп басы дауға қалды (фото)

298

Ақыры араға продюсердің қайын атасы Тұрым Алагөзов араласып, келінін өзінше ақтап алуға тырысты. Бірақ ол кісі келтірген дәйек желі қолданушылардың ашуын одан әрмен қоздырып жіберді.

«Қасиетті айдың алдында сөзбен, әрекеттеріммен және ойыммен ренжітіп алған адамдардан кешірім сұраймын»,

– деп жазды продюсер Баян Алагөзова Instagram-дағы жеке парақшасында мына суретін жүктеп.

Желі қолданушылар продюсердің кешірімін қабыл алып, ниетінің түзулігіне ризашылық білдірді.

https://kaz.365info.kz/mejrambek-bilgen-eken-goj-bayannyn-tagy-bir-symdygy-ashkere-boldy-video-306078

Ал кейбірі қасиетті Рамазан айы туралы жазба жазған продюсердің мойнына «крест» түріндегі алқа таққанын сынады. Оған продюсердің қайын атасы Тұрым Алагөзовтің өзі жауап берді.

«Мен сенімен мақтанамын, қызым. Христиандардың кресін Тәңірдің белгісінен ажырата алмайтындарды кешір. Еңсеңді тік ұстап, батыл қадам бас.

Адамдарды жақсы көріп, оларды сол қалпында қабылда. Біз екеуіміз және менің балаларым Байұлы руынан шыққанбыз. Сондықтан өзімізді өз істерімізбен қорғай аламыз.

https://kaz.365info.kz/bayan-ba-khoyan-ba-baribir-tysipbaeva-bayan-alagozovamen-arasyndagy-dau-orshi-tysti-301805

Тек Рамазан айында емес, әркез өзіңді ренжіткен адамдарды кешір. Олар не істеп жүргендерін білмейді. Және мені, кәрі күнәһарды да кешір. Мен өз балаларымды жақсы көремін және көзім тірісінде оларды қорғаймын.

Сендер ұялатындай ештеңе жасаған жоқсыңдар.

Алла барлығына сендердей жұмыс жасауды жазсын», – деп жазды Тұрым Алагөзов.

https://kaz.365info.kz/zhylap-khaldy-tyrsyngali-alagozov-ajelimen-akhyry-azhyrasty-276274

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз