Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

«Моана» мультфильмі қазақ тіліне дубляжданды

133

«Моана» – 2016 жылы «Болашақ» корпоративтік қорының қазақ тілінде дубляждаған үшінші кинокартинасы және 2011 жылдан бері дыбысталған 16-шы фильм.

Моана – Дисней студиясының жаңа ханшайымы, Туи көсемінің қызы, 14 жасар қиялшыл қыз, ол жартылай құдай-кейіпөзгерткіш Мауимен бірге мұхитқа саяхатқа аттанады. Үлкен экранға Дисней студиясының толықметражды «Моана» мультфильмінің қазақ тіліндегі трейлері шығып жатыр. Мультфильмнің Қазақстандағы тұсаукесері 2016 жылдың 1-ші желтоқсанында өтеді.

Дубляжға 35-тен артық актер қатысты. Басты кейіпкерлерге өз дауыстарын Лидия Кәден, Назерке Серікболова, Мақпал Исабекова, әнші Бүркіт, Жәнібек Мұсаев, Сырым Қашқабаев, сондай-ақ басқа актерлер мен қазақстандық эстрада әртістері сыйлады.

Қазақ дубляжының режиссері – Рита Әбішева, жобаның музыкалық жетекшісі – Борамбаева Күнімгүл.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз