Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Мирзияев дұрыс істеді…”. Назарбаев бұрынғы Өзбекстанның қандай болғанын айтты

5983
عقد رؤساء كل من كازخستان نور سلطان نزرباييف (وسط)، وروسيا فلاديمير بوتين (يمين)، وأوزبكستان شوكت ميرضيائيف (يسار)، قمة غير رسمية في كازاخستان.
( Kazakistan Cumhurbaşkanlığı Basın Hizmeti – وكالة الأناضول )

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл туралы Назарбаев Astana Club жиналысында мәлімдеген.

Мирзияев не істеген? Өзбекстан экономикасы аймақ көшбасшысы атанды

“Өзбекстанда өте жақсы өзгерістер болып жатқанын айта аламын.

Өкінішке орай, бұрындары, жалпы, осыған дейінгі жылдары экономикадағы байланыс бар болғаны бес пайызды құрады.

Біз уақытты текке жіберіп алдық. Қазақ астығын Өзбекстан Еуропа арқылы сатып алғанын елестетіп көріңізші? Осындай заман болған”, – деді президент.

Бірақ соңғы екі жылда өзара сауда жыл сайын екі есеге өсіп отыр.

“Шекара ашық, кеден кеңістігі ортақ, экономикалар қарқынды байланысқа түсті. Мен Өзбекстан болашағына үмітім зор.

Қазіргі президент Шавкат Мирзиеев дұрыс жолды таңдады”,

– деді Назарбаев.

Сауда байланыстарынан бөлек, Қазақстан мен Өзбекстанның ортақ мәселелері де бар.

“Арал теңізі жоғалар бұрын онда бір триллион тонна су болған, балықтар көптеп ауланған. Бұрынғы Кеңес Одағының экономиканы қате жоспарлауынан тұтас теңіз жоғалып отыр.

Енді оның қайырынан миллиондаған тонна тұз көтеріліп келеді. Олар Еуропаға, біздің асқар тауларымызға жетіп, мұздықтарды ерітеді. Бұл – біздің ортақ қасіретіміз”, – деп мәлімдеді Қазақстан президенті.

«Крысалар өңкей…». Шавкат Мирзияев Кәрімовтың туысқандарын жан алқымнан алды

Оның айтуынша, мемлекет басшылары бұл мәселені талқылап, әлемдік қауымдастықтан экологиялық апатты болдырмау үшін көмек сұрағанын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз