Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Әміржан Қосанов: “Геройхан, Мұқтар, Серікжан, қойыңдар енді. Ақылға келіңдер!”

145

Геройхан, Мұхтар және Серікжан бауырларым (үшеуің де маған қымбатсыңдар, сондықтан аттарыңды да әліпби бойынша тізіп отырмын)!

Әр азаматтың басқа бір азаматпен түсініспей қалатын, керек болса, керісіп қалатын жағдайлары болады. Мәселен, “сүттен ақ, судан тазамын” деп, оппозицияда жүрген кейбір тұлғалардың да маған жасаған қиянаттары баршылық. Бірақ олар қалай болса да, халықтың сөзін сөйлеп жүр ғой деп, мен оларға кешірім жасап келемін. Өйтпесе, болмайды екен…

Сендер әлі жассыңдар! Болашақтарың, соның ішінде қоғамдық өмірде қол жеткізер жеңістерің де – алда.
“Өсер елдің баласы” туралы мақалды білесіңдер.
Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ!

Ақылға келіңдер, қызбалыққа салынбаңдар!

Бәлкім, араларыңда бір реніштер бар шығар, ортақ мақсат жолында соларды тәрк ететін ірілік көрсетіңдер!

Сендер бірге атқарар елдік, ұлттық шаруалар – шаш етектен!
Сол мақсаттар жолында бірге болмасаңдар да, бір-біріңнің тырнақтарыңның астынан кір іздемей, барлық күш-жігерлеріңді, Құдай берген таланттарыңды сол іске бағыттаңдар!

Бір бағытта қол ұстаспай да жүре беруге болады ғой.

Әйтпесе, сендерді дебатқа салып қойып, өздері іштен күліп, қызық спектакль көргісі келетіндер де жоқ емес сияқты.
Осыған келіссеңдер, үшеуіңнің басыңды қосып, бір шәй беріп, мәмілеге келулеріңе септесуге мен дайын!
Айтарым осы!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз