Сыр өңірінің тумасы, дәстүрлі ән мен эстраданы қатар алып келе жатқан өзіндік ізденісі қалыптасқан әнші Өмірқұл Айниязов Қызылорда қаласына дәстүрлі өнер фестиваліне келген болатын. Біз реті келгенде әншіден жұртты шулатып жүрген “Ninety One” тобына қатысты пікір сұраған едік.
– Менің оларға деген жаман көзқарасым жоқ. Жай ғана оларды 3-4 жыл өлең айтатын балалар деп білемін. Біздің жастар соларға қарап бойтүзеп, солар сияқтанып киініп, шаштарын бояп, құлағына сырға тағып кетеді дегенге сенбеймін, тіпті елестете де алмаймын. Бұл топ жай ғана клоундар сияқты. Кішкентайларға ғана қызық. Есейген адам оларға қарамайды да, кішкентайында оларға қызыққанына ұялатын болады.
Меніңше бұл уақытша нәрсе. Ертең топтағы жігіттер мәңгі жас болып қалмайды, уақыт өте келе таққандары, кигендері жараспайтындай болып қалады,- деп өз ойын айтты.