Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Министрлік дизель отыны 115 теңгеге жоғарлайды деп болжады

Олар жылдық қаржылық аxуалында теріс кіріспен аяқтауда. Мұнай саласының тұралап қалу қаупі бар. Бағаның көтерілуі қажет, себебі тамызда дизель отыны болмай қалуы мүмкін. Кейін қысқы мезгілде баға қайта төмендейді, – дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығында егін жинау науқанына жылдағыдай төмен бағамен егіншілерге 400 мың тоннаға жуық дизель отыны бөлінген. Оларға баға өзгермейді және жеңілдікпен есептегенде литріне 79 теңге шамасында болмақ.

– Қазір Қазақстанда шамамен 200 мың тонна дизель отынының қоры бар. Осы айда 400 мың тоннасын қосымша өндіретін боламыз. 25 шілдедегі жағдай бойынша, біз 330 мың тонна шығарып үлгердік. Оның 97 пайызын тұтынушыларға жеткізілді. Демек, бүгінде дизель отыны үздіксіз нарыққа шығарылуда, – деді вице-министр.

Еске сала кетелік, Энергетика министрлігі дизель отынының көтерме бағасын жуырда екі есеге өсірген болатын. Осыған байланысты сарапшылар оның жанар-жағармай бағасына да әсер ету мүмкіндігін болжаған. Бірақ министрлік бұл долбарды жоққа шығарып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз