Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Министр зейнетақының қашан өсетін мәлімдеді

268
Сурет: offshoreview.eu

Оның айтуынша мамыр айынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі

— Қазірде зейнетақы мен жалақы ай сайын төленіп жатыр, олар индекстелді, майдан бастап ақша қосылып төленеді.  Неліктен майдан бастап? Себебі индекстеуді арттыруға қаражат бөлінбестен бұрын біз сәуір айындағы төлемақыларды аударып қойдық. Сондықтан сәуірдің ақшасын мамырдағы жоғарылаған зейнетақымен бірге аласыздар. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына  азық-түлік жиынтығы немесе оны сатып алу үшін қаражат беріледі. Сондай-ақ коммуналдық қызметтерге 15 мың теңге көлеміндегі өтемақы бөлеміз, тиісті мемлекеттік органдар алдағы уақытта бұған қатысты түсініктеме береді. 

Осындай көмектің бірі – 42 500 теңге. Бұл ТЖ дейін жұмыс істеп, табыс тауып, ТЖ енгізілгеннен кейін одан айырлған адамдарды қолдау үшін беріледі, — деген шенеуніктің сөзін  «Қазинформ» келтіреді. 

Сондай-ақ ол  42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны алу тәртібі туралы еске салды.

— Бұл жеке төлемақы, оның өз талаптары бар. Сондықтан, жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшыларға бұл туралы басынан бастап айтқан болатынбыз. Егер сізді жұмыс беруші ақысыз еңбек демалысына жіберсе, сізге 42 500 теңге төленеді. Ал жұмыстан шығарса, сізге Әлеуметтік сақтандыру қорынан 6 ай бойы жалақыңыздың 40% көлемінде басқа төлемақы беріледі. Бұл үшін жұмыысыз ретінде тіркелсеңіз жеткілікті,  — деп түйіндеді Нұрымбетов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз