Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Министр Түркістан қаласын жаңалауға қанша ақша бөлінгелі жатқанын айтты

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласы республикалық маңызы бар шаһар санатына жатқызылды. Оңтүстік Қазақстан облысы атауы Түркістан облысы деп өзгертілді және оның әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшірілді.

Конституциялық заң жобасымен «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу көзделген», – деді ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов.

Оның сөзіне қарағанда, аталған заң жобасын қабылдау заңнамалық актілердің республикалық маңызы бар қалаларға қатысты нормаларын Шымкент қаласына да қолдануға мүмкіндік береді.

«Түркістан қаласын дамыту үшін шаһарды дамыту бойынша бас жоспардың тұжырымдамасы қабылданды. Қазіргі уақытта бас жоспар әзірленуде және тиісті конкурс өткізілді. Жоспарда қаланы дамытудың бағыттары айқындалатын болады. Оның ішінде көлік, инфрақұрылым, құрылыс, тарихи нысандарды қорғау, сондай-ақ басқа да бағыттар қамтылған. Бұдан басқа, 2024 жылға дейін Түркістан облысын дамыту бойынша арнайы кешенді жоспар әзірленіп жатыр.

Жоспар өте үлкен әрі ауқымды, онда 115 іс-шара бар. Соның арасында кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығын, құрылыс, турзимді, ТКШ-ны дамыту бойынша бағыттар бар. Жалпы қаражат 870 млрд теңге, оның 400 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 29 млрд теңге жергілікті бюджеттен, ал қалғаны жеке инвестициялар есебінен болады.

Осы кешенді жоспар жылдың соңына дейін қабылданбақ. Жалпы, Түркістан қаласы мен облысты дамыту үшін жүйелі жоспарлар бар. Сәйкесінше, тиісті қаржыландыру көзделген», – деді Дәленов депутаттар сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да бірінші оқылымда мақұлдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз