Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Министр полиция киім үлгісінің неге ауыстырылатынын түсіндірді

189

«Біз полиция қызметкерлерінің жаңа киім үлгісімен бір жыл бойы айналысып келеміз. Ал ғаламторда пайда болған киім үлгілері бізге қатысы жоқ, себебі полициялардың жаңа формасын ешкімге көрсеткен жоқпыз», – деді министр Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, полицейлердің қазіргі формасы көп жағдайда ыңғайсыз болады, яғни кеңселік киім үлгісінде тігілген. Жалпы, осы форманы жаңартуға қатысты пікірді полицейлер соңғы 4-5 жылдан бері айтып келеді.

«Сондықтан ішкі істер органдары құрылымдарынан ұсыныстар қабылдадық. Сәйкесінше, патрульдік полицейлер де киім үлгісіне тиісті өзгерістер енгізуді сұрады. Мәселен, белдікті таққан кезде, қаруды алып жүру ыңғайсыздық тудырады.

Сонымен қатар,еліміздегі климаттық жағдайды да назарға алып отырмыз. Нақты киім үлгісін дайындағаннан кейін, оны жалпы талқылауға шығармақпыз. Осы киім үлгісін дайындауда 98 пайыз үлесі отандық кәсіпорындарға тиесілі болады», – деді Қ. Қасымов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жаңғырту аясында қызметкерлердің жаңа киім үлгісі енгізіледі. Бұл киім үлгісі күнделікті киюге қолайлы және қазіргі заман талабына сай болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз