Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Министр полиция қызметкерінің өліміне байланысты түсінік берді

«Күдікті кезекшілікке келіп, қару алған. Ол қызметтік көлікті алу үшін гаражға барған сәтте оған туысы келген. Яғни – оның әпкесінің күйеуі. Ол жұбайымен 6 ай бірге тұрмаған. Үйінен кетіп қалған. Олардың үш баласы болған. Кезекшілікті тапсыруға келгенде екі полиция қызметкері арасында (жоғарыда аталған – автор) себептерге байланысты жанжал туындаған. Салдарынан оқ атылған. Зардап шегуші 21:00-де қаза тапты», – деді министр Сенат кулуарында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда тіркелген факті бойынша тергеу жүргізілуде.

«Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ қауіпсіздік департаменті де тіркелген факті бойынша тергеуді бастады. Қалған ақпаратты тергеу аяқталған соң хабарлаймыз. Оқиғаның мән-жайы қылмыстық тексеріс барысында анықталады», – деді Қалмұханбет Қасымов.

Сондай-ақ министр қос полицияның жұмысқа тиісті тексерістен өткеннен кейін ғана қабылданғанын атап өтті.

«Олар психолог және полиграфтың тексерісінен өтеді. Мұның барлығы бізде бар», – деді ол.

Айта кетейік, қайғылы оқиға Алматыдағы жергілікті полиция қызметінің аумағында болған. Қос полиция қызметкері бір-біріне туыс болып келген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз