Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-11
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Министр Қазақстанда қандай адам бай болып саналатынын түсіндіре алмады

188

Мәжілістің жалпы отырысынан соң журналистер министрге Қазақстанда қандай адам бай болып саналатынын сұрады.

Бай адамға қатысты түсінік әртүрлі ғой. Ыбырай Алтынсарин қазақтардың байлығы еңбек пен қанағат деген болатын. Байлықты ақшамен өлшеу қиын, – деді Әлібек Қуантыров.

Министр жаңа Салық кодексінде байлық салығы басқаша аталатынын жеткізді.

Бұл салық қымбат тауарларға салынады. Халық оны байлық салығы дейді. Қымбат көліктерге, әуе паркіне, яхталарға, қымбат аң терісіне, зергерлік бұйымдарға, антиквариатқа осы салық салынады, – деді ведосмтво басшысы.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жаңа Салық кодексіне «бай адам» ұғымы енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармаған еді.

Еске сала кетсек, 2024 жылдан бастап ауқатты қазақстандықтарға байлық салығы салынуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз