Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Министр электр тарату тарифтерінің шекті деңгейі қайта қарастырылуы мүмкін екенін айтты

Заң жобасы «Электр энергиясы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады деп хабарланды Үкімет басшысының ресми сайтында.

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, осындай бірнеше тетік бар. Энергия таратушы ұйымдарды иесіз электр желілерін теңгерімге қабылдаған жағдайда корпоративтік табыс салығы мен мүлік салығынан босату болжанған. Табиғи монополия саласында заңнамада қарастырылған электр энергиясын таратуға тыйым алынып тасталатын болады.

Электр тарату тарифтерінің шекті деңгейі қайта қарастырылуы мүмкін. Мемлекеттік кәсіпорын теңгеріміндегі қайта тұрғызылған қосалқы станциялар мен электр желілері энергия таратушы ұйымдар теңгеріміне өткізілуі мүмкін.

Айта кету керек, заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 51 қадамында көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында әзірленген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз