Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Министр Дәурен Абаев қазақ-қырғыз шекарасында не болып жатқанын айтты

Бірақ, менің білуімде, қазір президент сайлауына байланысты шекаралас елдер әдеттегі ісімен шұғылдануда.

Бұл – қалыптасқан тәжірибе», — деді министр.

Дәурен Абаев Қазақстан мен Қырғыз Республикасы шекара қызметінде жеке тұлғаларды, көлік құралдарын, жүк пен тауарларды тексеру қатаң түрде қолға алынғанын да айтты. Бірақ шекарадан өтуге қатысты ешқандай шектеу қойылмапты.

Министр соңғы үш күнде қырғыз жүк тасымалдаушыларының көліктік және кедендік заңнамаларды бұзуы бойынша көптеген фактісі тіркелгенін де айтты.

«Тексерілген 447 көліктің 78-інен өрескел заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде жүктің шекті көлемнен асып кетуі, рұқсат беруші қазақстандық тараптың қағазының болмауы және тағы басқа. Оған қоса 7 жолаушылар автобусы айыппұл тұрағына жөнелтілді. Өйткені олардың жолаушыларды алып жүруіне рұқсат беретін қағазы болмаған. Тіркелген заңбұзушылық фактілері бойынша айыппұлдар салынды. Жалпы сомасы 3 миллион теңгені құрайды», — деді Абаев.

Сонымен қатар фитосанитарлық бақылаудың күшейтілуіне байланысты 5 заңбұзушылық фактісі тіркеліпті.

25 тонна өнім кері қайтарылып, оған қатысты 68 мың теңге айыппұл салынды.

Министр ҚР Үкіметі қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы ел азаматтарын үнемі құлағдар етіп тұратынын да айтуды ұмытпады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз