Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Министр бензин бағасы 300-ге барса да реттеймін деп уәде берді

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Біріншіден, сенбі күні мен де әлеуметтік желілер арқылы «ҚазМұнайГаз» АҚ-тың жанар-жағар май стансаларында бензиннің талонмен сатылып жатқанын білдім. Кеше ғана өзім сол стансаларды аралап шықтым. Жағдай түзелді. Негізгі себеп – қатты аязда бензинге деген сұраныс екі жарым есеге өскен. Сондықтан ҚазМұнайГазда тапшылық туындаған. Негізі, аталған стансаларда күнде 100 тонна бензин сатылады. Ал өткен сенбі сұраныс күрт өсіп, 220 тоннаға жеткен», – деп атап көрсетті Қанат Бозымбаев.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Астанада қажетті жанар-жағар майдың көлемі бар.

«Қазіргі кезде сол бензинді Ресейден алып, мына жақта сататын болсақ, бір литрдің бағасы 140 теңге болуы керек. Бірақ бізде өзіміздің бензиніміз бар. Екеуін қосқанда әділ баға 135-140 теңге айналасында болады. Сондықтан қараша айында 92 маркалы бензиннің бағасы 130 теңге болуы тиіс. Егер 170 болса, 200, мүмкін 300 болса да, біз тез арада Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетімен тексеріс өткізіп, орнына қоятын шығармыз», – деді министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз