Шымкенттегі бірнеше қоғамдық бірлестіктің төрағалары ұйымдастырған жиынға ондаған адам қатысты. Әуелі міндетінен тыс жұмысқа тартылып, қысым көргенін, кесірінен денсаулығына зиян келгенін бұған дейін мәлімдеген Гүлжан Сәлімбаеваға сөз берілді. Содан кейін мектеп директоры Айман Жүсіпова сөз алды.
Гүлжан Сәлімбаева татуласуға қарсы емесін, бірақ мектеп директорынан бұдан кейін қысым көрсетпеуі туралы қолхат жазып беріп, кешірім сұрауын сұрады. Мектеп директоры Айман Жүсіпова қолхат жазып беруден бас тартты.
Бірнеше қоғамдық бірлестіктің төрағалары директордың қысым көрсетпеуіне кепіл болатынын айтса да, Гүлжан Сәлімбаева татуласу, татуласпау өз құқығы екенін айтып, қолхат болмаса татуласа алмайтынын айтты.
– Менің ертеңгі күніме ешкім кепілдік бере алмайды. Татуласу я татуласпау – менің құқығым. Сотта мен жеңілейін, шындықтың бар екеніне сенемін, – деді Гүлжан Сәлімбаева Азаттыққа.
Гүлжан Сәлімбаева бұдан бұрын мектеп басшылығы міндетінен тыс жұмысқа салғанын, қысым көрсетіп, денсаулығына зиян келгенін, 17күн ауруханада ем қабылдағанын айтып шағымданған болатын.
Дереккөз: Азаттық