Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Милары ашымау үшін…”. Әйгілі жазушы орыс-қазақ мектептері туралы ойын айтты

 Sn.kz порталына сұхбат берген қаламгер осы мәселеге қатысты ой-пікірін ортаға салған екен. Ықшамдап ұсындық.

“Ілгеріде айттым. Бұл идеяны қолдаймын. Басқалар да қолдайды. Байқасаңыз, байбалам салып, қарсылық білдіріп жатқан ешкім жоқ. Бірақ, осы әліпбиге, оның қабылдауына, қолданысқа кірігуіне қатысты пробемаларды айтуға тиістіміз, аға буын. 

Егер біз тағы да бұдан әрі

Қазақстандағы мектептерді орыс-қазақ мектептері деп екіге бөліп тастайтын болсақ, оның бірі қазақша әліпбимен, екіншісі кириллицамен оқитын болса, сол екі бөлінген ұрпақтың ара жігі ашыла беретін болмақ.

Бұл біздің бірлік болсын, тұтастық болсын деген саятсатқа онша сәйкес келмейді. Сондықтан, осы латын әліпбиі енгізілетін тұста

Қазақстанда жалпы орыс-қазақ деп бөлмей, жалғыз ғана мемлекеттік мектеп деген статуспен өмір сүру керек.

Сол мемлекеттік мектепте бүкіл балалар ұлтына қарамастан, бір бағдарламамен, мемлекеттік бағдарламамен оқуы керек. Ол қандай мектеп? Ол мектеп негізінен мемлекеттік тілде білім беретін мектеп болуы керек.

Орыс па, қазақ па бәрібір…

 

Мұның пайдасы – балалар біріншіден мемлекеттік тілде толық білім алатын болады, барлық балалар, ұлтына қарамастан. Содан кейін, орыс тілін де меңгеріп шығатын болады, оны кириллицамен оқитын болады. Ағылшын тілін онсызда латыншамен оқи береді.

Сонда 12 жыл оқыған балалар осы үш тілді меңгеріп,

әсіресе, мемлекеттік тілде сайрап шығады,

латынша да, кирилше де жаза білетін болады. Ол орыс бола ма, кәріс бола ма, қазақ бола ма, бәрібір. Айналасы бір 10-15 жылдың ішінде біз Қазақстандағы тіл мәселесін осылай шешетін боламыз. Оның өзге ұлт өкілдеріне үлкен пайдасы бар.

Күні ертең барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілді білу керек деген талап қойылады. Соған біз жақындап келе жатырмыз.

Мінекей, сондай жағдайларда қазақ-орыс болып бөлінетін болсақ, орыс мектебін бітіріп шыққан балалар да, өзге ұлт балалары да мемлекеттік тілді білмей шығатын болады. Қазіргі практика соны көрсетіп тұр. Ал еңбек нарығында олардың құқықтары тапталатын болады. Адам құқығы тапталатын болады. Сондықтан сондай болмас үшін барлық ұлт балалары бір мемлекеттік бағдарламамен оқуы керек.

Ұрпақтың миын ашытып жібермейміз бе? 

 Милары ашымау үшін, мен айтып отырған мемлекеттік мектеп идеясын жүзеге асыруымыз керек.

Негізгі басымдық қазақ тіліне беріліп, орыс тілі қосымша ретінде оқытылады, кирилл әліпбиінде.

Бұл соншалықты баланың миына салмақ салмайды. Керісінше, ойлау өрісін, білімін жетілдіреді.

Үш тілде сөйлеген бала ешқашан жаман болған емес.

Бірақ, тағы айтамын, басымдық тек қазақ тіліне берілуі керек. Сонда ғана біз ұлттық бірлікке қол жеткізе аламыз. Барлық балалар бірінің тілін бірі білетін болады.

Латын мен кирилді қатар алып жүру керек. Өйткені онсыз да мектепте орыс тілі жүреді деп отыр ғой. Мемлекет басшымыз орыс тілінде білімді кириллицада алады деп айтты. Ендеше ала берсін. Ол қазақтың балаларына да керек.

Өйткені мынау 100 жыл бойы кириллицамен жазылған дүниелерді игеруге кедергі болмайды.

Кириллицамен орыс тілін үйренген қазақ балалары ертең кириллицамен жазылған мәдениетті, әдебиетті түгеліменен оқи беретін болады.

Мен қатар алуды қолдаймын”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз