Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Мигрант” операциясы: Көлік полицейлері 140 астам шетел азаматын жауапкершілікке тартты

Сот қаулысымен 18  шетелдік азамат ҚР аумағынан тысқары шығарылды.

Департаменттің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ғани Шымырбаевтың айтуынша, көші-қон заңнамасын бұзу бойынша, 5 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған.

– Шетелдіктер көбіне «ел аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімдерін орындамағаны» және «ҚР мемлекеттік шекарасын қасқана заңсыз кесіп өткендігі» үшін айыпталады.

Мәселен, Ақтөбе станциясындағы темір жол вокзалында көлік полицейлері 25 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.

Тексеру барысында ол азаматтың ҚР аумағынан шығару туралы 2017 жылғы 23 желтоқсандағы Ақтөбе қаласы әкімшілік сотының шешімін орындамағаны анықталды, – дейді басқарма бастығы.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қазіргі күні іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ қабылдап-тарату орындарына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 18 шетелдік орналастырылды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз