Мешіттің алдында стриптиз билегені үшін айыпталуда

Татарстанның Болгар қаласындағы Ақ мешіттің территориясында жартылай жалаңаш күйде би билеп, бейнебаян түсірген жергілікті әнші Резеда Ганиуллинаның басы дауға қалды, – деп хабарлайды “Эхо Москвы”.

“Жаным” композициясына түсірілген бейнебаянды әнші “ВКонтакте” әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жариялаған. Оның сипаттамасында әнші қазан айында өтетін жеке концертіне шақырған.

Видеоға жергілікті дін өкілдерінің бірқатары наразы болды. Мәселен, Қазандағы мешіттің имамы Сейджагфар Лутфуллин бейнебаянды “татар халқының масқарасы” және “дінді қорлау” деп, ал орындаушыны “стриптизші” деп атады.

Республика мүфтиі Камиль Самигуллин “мешіт – би билейтін орын емес” деп мәлімдеді. Ал оның орынбасары Рустам Батров қыздың әрекетін Мәскеудегі Құтқарушы Христос шіркеуінде панк-молебен орындаған Pussy Riot тобының атышулы акциясымен салыстырыпты.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Загрузка...