Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-12
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Меруерт Түсіпбаева «Гарант 24 Ломбардын» жарнамалаған әншілер жауапқа тартылсын дейді

414
Сурет: lada.kz

Басы дауға қалған ломбардтар

Еліміздің әр аймағынан аталған компаниялардың филиалдарын басқарған тұлғаларды ұстау операциялары жалғасып жатыр. Полиция өткен екі тәулікте «Гарант-24 Ломбард» ЖШС-нің Атырау, Тараз, Павлодар, Қарағанды, Ақтау және Батыс Қазақстан облысындағы директорларын қамауға алғанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдары күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы, 4 тармағы, яғни «алаяқтық» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ал салымшылар көптеген қалаларда аталған қаржы фирмасының кеңселеріне жиналып, наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, бұл қаржылық ұйымдар өткен жылдың басынан бастап жұмыс істеген. Жақсы үлеспайда алуға болады деген сылтаумен азаматтарға ақша салуды ұсынған.

21 ақпан күні «Гарант 24» және «Estate Ломбард» мекемелерінің клиенттері кеңсенің алдына келіп, өз ақшаларын қайтаруды талап етті. Нұр-Сұлтан және Ақтөбедегі кеңселердің алдында да ұзын-сонар кезек қалыптасты.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік бұған дейін компанияның банк қызметін атқаруға рұқсат беретін лицензиясының жоқ екенін, сәйкесінше қандай да бір несиелік операцияларды жүргізе алмайтынын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ Статистика комитетінің дерегіне сәйкес, бұл ұйымда 100 жуық адам жұмыс істейді.

Фирманың салық бойынша қарыздары да бар екен. Мемлекеттік кірістер  комитетінің мәліметтеріне сәйкес, қарыз көлемі 121 мың 277 теңге.

Алданған жұлдыздар

Пирамида ұйымдастырушыларына байланысты нақты процессуалдық шешім қабылданған жоқ. Қазіргі кезде қоғам белсенділері  аталған  мекемені жарнамалауға қатысқан халыққа танымал азаматтарды халықтың сенімін пайдаланды деп айыптауда.

23 ақпан күні жарнамаға түскен әншілер біз де осы ломбардтардың құрбаны болдық деп, халықтан кешірім сұраған видео-жолдауларын жариялады.

Осы мәселеген қатысты ағайынды Төлеповтер:

«Біріншіден, баршаңыздан осындай жарнамаға қатысқанымыз үшін кешірім сұраймыз. Біз де сіздер секілді алдандық, бізді де алдап соқты. Бізді танысымыз арқылы жарнамаға шақырды, біз де жарнамаға түспес бұрын әріптестерімізден сұрадық. Олар тақтайшаға жазып бәрін көрсеткен. Системасын көрсетті. Құжатын, барлығын көрдік. Біз де таңғалдық нарықтағы бағадан арзан сатып, сіздерден қымбат сатып аламыз деген сияқты. Біз таңғалғаннан кейін қызығып, жарнамасына түсіп, біз де қазіргі таңда жәбірленуші атанып отырмыз», – деп мәселенің мән-жайын түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, танымал Вайнер Мейіржан Төребаев пен әнші Айқын Төлепов те өздерін жалған жарнаманың құрбанымыз деді.

 Әншілер жауапқа тартылсын

Меруерт Түсіпбаева даулы мәселелерге қатысты шындықты айтатын әншілердің бірі.  Ол өзінің сұхбаттарында көптің көңілінде жүрген тақырыптарды көтеріп, әріптестеріне жақпай жатады.  Ол жарнама арқылы, халықты қаржы салуға үгіттеген әртістер «кешірім сұрап»,  жауапкершіліктен құтылып кетпеуі керек деп есептейді.

«Қазақта сөз бар: бақ пен тақты салмақты адам ғана көтереді дейді. Мынау инстаграм  жоқ кезде де халық  әртістерді, актерлерді танитын. Вайнерлер, блогерлер де шықты, олар шешінсе де жұлдыз, киінсе де жұлдыз, осы  халыққа кесірін тигізіп жатыр. 

Инстада мыңдаған жазылушыларым бар дегені «соблазн»-ды көбейтіп, мүмкіндік ашылып кетті деп ойлайды. Мұнда мемлекеттің заңының дұрыс жұмыс істемеуін атап айтар едім.  Мәдениет министрінің өзі лотерея туралы  мінберден шетін айтты да, қоя салды»,- дейді М. Түсіпбаева.

«Гарант 24 Ломбард» қаржы ұйымына қатысты жарнамалық роликтерге түскен әнші, актерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деген пікір білдірді. ҚР ҚК 274 бабында көрсетілгендей мұнда көрінеу жалған ақпарат тарату белгілері бар. Әртістер өзі толық зерттеп, көзі жетпеген өнімді жарнамалаудың өзі қателік. Жасаған соң, жауапкершілікті мойнына алу да азаматтық, –  дейді эстарада әншісі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз