Әнші Меруерт Түсіпбаева кинода сүйісетін кадрларға түсіп, өзінің ұлының жанын ауыртап алғанын айтты деп хабарлайды nur.kz.
Ол өзінің басынан өткен оқиғаларын баяндап беріп, қазақ актрисаларының сүйісетін кадрларға түсуі дұрыс емес дегенді айтты.
Оның себебін олай былай түсіндірді: “Сіздерге басымнан өткен жағдайды айтып тұрмын. Біз төсектес болған жоқпыз, тек қана мені мыжып, сүйісіп жатты. Соның өзінде менің балама қатты әсер етті. Сондықтан мен ойлаймын, барлығын өте жұмсақ, өте жұқа етіп көрсетуі керек, тым ашық көрсетуден қашу керек екен. Біздің қоғам әлі ондайға дайын емес”, – деді әнші.
Осылайша, өзінің ұлына қатты әсер еткен кадрларға ол түспейтін болған.