Алматыда 52 жастағы ер адам әлеуметтік желіде фейк (жалған, өтірік) ақпарат жазғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, дейді Алматы ІІД баспасөз қызметі.
Қазір билік өкілдері әлеуметтік желілерді аңдып отырады екен. Сөйтсе,
Facebook-те Жұмақан Бекбасов деген кісі “полицейлер Сейфуллин даңғылының бойында жұмыс іздеп жәутеңдеп отырған 40 адамды автобусқа қой сияқты тиеп алып, қала сыртына апарып тастады”, дегендей ақпарат жазыпты.
Біздің полиция мұндайды қалт жіберсін бе? Бас салып тексеріп, ақпараттың өтірік екенін анықтаған. Оның үстіне, ішкі істер органдары қызметкерлеріне тіл тигізгені тағы бар.
https://kaz.365info.kz/haly-nege-politsejlerdi-musor-dejdi-240596
“Пост авторының полиция қызметкерлеріне тіл тигізгені мен жалған ақпарат таратқанына байланысты тергеу басталды. Ұсталып қалған ер адам бар кінәсін бірден мойындап, заң бойынша көзделетін жазаны қабылдауға дайын екенін айтты. Ол Алматы облысының тумасы, Алматының Түрксіб ауданында тұратын жұмыссыз азамат.
Ал біз болсақ, дереккөзі белгісіз, рас-өтірігі сенімсіз ақпаратты таратпаңыздар деп тағы ескертеміз. Байқап сөйлеп, байқап жүру керек.
Әйтпесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жауапкершілікке тартып тастайтынымыз анық”, – деп ескертеді Алматы ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Азирбек.
Tengrinews.kz
https://kaz.365info.kz/khajyrymdy-politsej-korsek-nege-tan-khalamyz-299886