Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ата-аналар ментальді арифметикаға неге сонша құштар? Мамандар оның теріс жағын айтып салды

166

– … Математика ғылымы – теңіз. Ментальді арифметика сол теңіздің бір тамшысы ғана. Мұны игерген адам сандарды тез көбейтуді біледі. Одан өзге артықшылығы жоқ. Бір есепті біреу 5 секундта, екінші біреу 1 минутта шығаруы мүмкін. Меніңше, нәтиже дұрыс болса, болды.

Тағы да қайталап айтамын,

ментальді арифметика ғылым емес.

Мысалы, циркте біреулер зілтемір көтереді, енді біреулер шойын темірді майыстырып жатады. Мұны ғылым деп айта аласыз ба? Биік өкшелі туфлимен жүгіру, қызанақ лақтыру спорт болып санала ма? Жоқ. Сол сияқты ойша есеп шығаруды ғылым деп қарастыруға, барлық қазақ сол жолға түсіп кетуге қарсымын. Бұл халықты таң қалдырып, қалтасындағы қаржыны қағып алу үшін жасалып жатқан шаруа болуы мүмкін.

Ал, енді ментальді арифметиканы игерген 9 жасар балаға келейік („Пусть говорят„ бағдарламасына қатысқан қазақ баласы Данияр Құрманбаев туралы – автор). Ол балаға немесе осыны үйренген жасөспірімдерге ментальді арифметиканы меңгерген зиян емес. Бұл тәсіл олардың миын жақсы жұмыс істетуге, есте сақтау қабілеттерін арттыруға мол мүмкіндіктер туғызады. Мұның сыртында телеарналар арқылы бағдарламаға шығуы ата-анасы үшін зор қуаныш. Бірақ, ғылым жолын таңдайтын адамның атағы бұлай шықпауы қажет екенін ескертемін. Ол бала үшін, оның талабы үшін қуанамын. Оның алда үлкен жетістіктерге жетуін тілеймін. Ментальді арифметика ғылым жолына баратын бір баспалдақ қана. Соны азаматтар түсінсе деймін.

Асқар Жұмаділдаев сандар жарысына қатысқандардан гөрі, нақты есептен жарысқа түсіп жатқан республикалық Олимпиада жүлдегерлерін насихаттаған елімізге әлдеқайда тиімді деп сөзін аяқтайды Abai.kz сайтына берген бұл сұхбатын.

Ментальді арифметика – көп уақыт жұмсауды қажет етпейтін бір машық қана

Ілияс Шәкенов, Жәутіков атындағы физика-математика мектебінің түлегі, физика және математика пәндерінің мұғалімі:

Ілияс Шәкенов

– Мен ментальді арифметиканы қатты зиян деп айтпаймын, бірақ біздің заманымызда пайдасыз нәрсе де зиян ғой. Ата-аналар ментальді арифметикаға балаларын ұзақ уақытқа байлап қойып, қатты қателеседі. Шынымен де мұндайда назар аударатын, пайда әкелетін нәрселерді жіберіп алып, оның орнына ойын баласы 2-3 жылын ментальді арифметикаға жұмсайды. Рас қой, курстағылардың қолына бір түссеңіз, келесісін де жібермеу керек деп ұзаққа ұстайды.

Ал бастауыш сынып оқушысының сабағы бар, одан кейін курсқа барады, осымен бір күні аяқталады. Демек, қазіргі бала ойнамайды. Бұл, психологтардың зерттеуінше, өте зиян.

Бұл курсқа баратын да бастауыш мектептің балалары. Ал жоғары сыныптың оқушысы туралы қандай да бір ақпарат естімеппін. Жоғары сынып оқушысына оның пайдасы да жоқ. Мысалы, кешкі асқа құнарсыз тамақ жеген секілді. Оның қатты зияны жоқ, бірақ пайда да болмайды. Ал күнде құнарсыз тамақпен тамақтансаңыз, зиян ғой.

Одан тыс ата-анасының қалтасы қағылады.

Содан кейін есепке ебі бар балалар болады. Оларға оның тіптен қажеті жоқ. Текке ақша шашу боп кетеді. Одан кейін ментальді арифметиканың жоғары сыныптарда пайдасы болмайды.

Одан да ата-аналарға балаларын далаға ойнауға жіберуге кеңес берер едім. Өйткені математика да өмір де логикадан тұрады.

Ал түрлі курс пен айпадтың алдында отырған бала ойынсыз механика тілін түсінбейді. Кез келген адам басынан өткеннен кейін ғана қандай да бір оқиғаға нақты баға бере алады. Сол секілді компьютер мен сабақтан тыс баланың да басынан өтуі тиіс жайттар бар.

Бізде көп курс бар ғой, мысалы, сурет, тағы басқасы. Бірақ  ментальді арифметика ғана дүрілдеп тұр. Бұдан да күмәндану керек. Өйткені бұл арада маркетологтар мықты жұмыс істеп жатыр…

Негізінен, білікті математиктерден де сұрасаңыз, бұл – көп уақыт жұмсауды қажет етпейтін бір машық қана деп айтады. Мен осыған толыққанды қосыламын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз