Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Менингиттің жаңа маусымы: қалай анықтауға және сақтануға болады

287
omvesti.ru

Тұмаудан қан бұзылуға дейін

Солардың бірі — менингококк инфекциясын жұқтыру. Егер бірі назофарингитпен ғана құтылса (мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының қабынуы), басқаларында менингит (бас және жұлын миы қабығының қабынуы), тіпті менингококцемия немесе менингококкты сепсиске (ағзаның қан арқылы жалпы зақымдануы) өтіп кетуі мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының ақпараты бойынша менингококк тасымалдаушылары дені сау адамдардың 2-4% болуы мүмкін. Ал нақты адамға жұғуға не түрткі болатыны көптеген факторларға байланысты. Яғни иммунитет деңгейіне, жасына, тұратын жеріне, жұмысына және тағы басқасына.

Жай ғана суық тию емес

Көп жағдайда менингококкты жұқтырғаннан кейін суық тигендей симптомдар сезіледі. Адам жөтеледі, температурасы көтеріледі, тамағы қышиды. Көп адам бұған қатты мән бермейді, ангинадан емделіп, мұрын тамшыларын себеді де, әлеуметтік өмірін жалғастыра береді. Әсіресе, егер суық маусымда жұқтырған болса.

Дәрігерлер ауру белгілері пайда болғанда үйде жату керек дейді. Әсіресе ауырған балаларды дәрігерге дереу көрсету маңызды.

Қарапайым кеңестер

Жұқтыру қаупін қалай төмендетуге болады? Кеңестер қарапайым, бірақ тиімді:

• тамақтану алдында қолды жуу;
• үйді жиі желдету;
• қайнамаған су ішпеу;
• тыйым салынған жерлерде шомылмау;
• табиғи жарықты елемеуге болмайды — менингит вирусы күн сәулесінің әсерінен өледі.

Сондай-ақ жеке клиникада менингиттен екпе жасатуға болады. “Менингококк маусымы” қарсаңында — қыста немесе жазда вакцинациядан өткен жөн.

Көп жылдық динамика

Қазақстанда менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық бес-алты жылда бір рет байқалады. Алайда, Алматыда климаттың ылғалдылығына байланысты мерзімі қысқа — екі-үш жылда қайталанады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз