Әнші Гүлнұр Оразымбетова өзін «Қызметін пайдалана отырып, жолымды кесті» деп айыптаған Мақпал Жүнісовамен арадағы түсінбеушілікке қатысты түсінік берді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Оразымбетованың сөзінше, Мақпал әпкесімен таласатын ойы да болмапты. Тек фильм продюсері Сиви Махмудидің сұрауы бойынша «Соқыр махаббат» фильміне ән жазып берген.
«Мен ешкіммен ештеңеге таласпаймын. Бұл жерде Мақпал апайымызға Сивидің өзі алдағы уақытта жағдайды түсіндіріп айтатын шығар. Себебі, мен фильмде тек продюсердің сұрауы бойынша ән орындадым. Бұл жайтты анықтадым. Сөйтсем, бір фильмге үш ән жазылған екен. Оның бірін «Азия» тобы, бірін мен, бірін Мақпал Жүнісова орындайды», – деп түсіндірді Гүлнұр Оразымбетова.
«Бұл жерде менің қызыметімнің еш қатысы жоқ. Себебі, бағдарламадан көрсетілуі керек болған үзінді менің әніммен монтаждалыпты. Соны көрген Мақпал Жүнісова бірден ашуланып кетсе керек. Асығыстық жасап қойған. Ондай мәселені алдымен бір-бірімізбен сөйлесіп шешіп алуымыз керек еді. Енді ол кісіге ренішім жоқ. Хабарласып жатырмыз. Түсінісеміз ғой», – деп қысқа қайырды әнші Гүлнұр Оразымбетова.