Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Өтірік салам…”. Ақылбек Жеменей ұятсыз екенін мойындады (фото)

268

Айға қарап ән айтқан әншінің аудиториясы ауқымды. “Қызыл өрікті” қиқулата салды, соңы хитке айналып, айдарынан жел есіп, арманына жетті. Әрине, тойға деген тапсырыс пен табыс көлемін айтпағанда. Қазір жігіт ағасының әлеуметтік желідегі парақшасында қымбат мемлекеттік нөмірдегі көлік мінген суреті де қаптап жүр.

View this post on Instagram

#RRP 👍🏼🇰🇿

A post shared by Ayazbay Akylbek ZHEMENEY (@zhemeney) on

Оқырмандары мен өнердегі әріптестері Ақылбекке қызыға да, қызғана да қарайды. Алайда бұл автокөліктердің 99 пайызы Ақылбектің мүлкі емес екені белгілі болды.

“Жігітті тұлпарынан байқайсың дегенді қазақ баяғыда айтып кеткен. Желіге көліктерге байланысты жалған ақпарат анда-санда саламын. Соның ішінде әлеуметтік желідегі парақшама ұнаған мемлекеттік нөмірлермен, қымбат көліктердің суретін салып тұрамын.

Барлығы менікі емес. Басым бөлігі бақуатты ағаларымдікі. Байып кеткен жоқпын. Бір көлік пен жалғыз әйелдің иесімін. Сондықтан парақшамдағы суреттердің ішіндегі 99 пайыз көлік менікі емес. Тағы бір “Қызыл өрік” секілді хит ән шықса, мініп те қалармын қалағанымды”, – дейді Ақылбек.

View this post on Instagram

Ал кеттiк…

A post shared by Ayazbay Akylbek ZHEMENEY (@zhemeney) on

Соңғы кездері көк жәшіктен көрінбей кеткен әнші шығармашылық тоқырауда жүр. Бұған қарамастан әл-ауқаты әлі де болса әлсіремеген. Келісті ән, хит болары хаһ болса сатып алу үшін, тіпті 40 мың долларын аямайтынын алға тартты.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз