Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Менен неге аядың?..”. Пара бермегені үшін беске оқитын бала анасымен қырық пышақ болды

111

 

«Өз қызының жақсы оқып жүргенін білген соң, екінші жағынан 11-сыныпты жалғастыратын болғандықтан анасы 15 мың теңгені бермеді. Биыл қызы 11-ді бітіріп отыр. Қызының бар пәннен 5-тік баға бола тұра не себепті үздік аттестат берілмегенін сұрап барғанда, сынып жетекшісі мен мектеп директоры «Сіз 9-сыныпта үздік куәліктен бас тарттыңыз, ал үздік куәліктен бас тартқандарға 11-сыныпта үздік аттестат та берілмейді» деп жауап берген.

https://kaz.365info.kz/synypta-t-beles-bol-an-saba-stinde-k-z-zh-m-an-o-ushyny-tuystary-osylaj-dejdi-241774

Осыған ренжіген сіңлім өмірінде бір-ақ рет болатын мектеп бітіру кешіне қатыспай, сен маған 15 000 теңгені қимадың ба деп, анасына ренжіп отыр»,

– дейді Мария Мырзахан әлеуметтік желідегі жазбасында.

Қызығы сол, Құтжанның сынып жетекшісі 9-сыныпты бітіргендегі куәлік пен аттестатты ҰБТ тапсыратын күні ғана әкеп беріпті.

https://kaz.365info.kz/kozin-shygaryp-zhiberipti-okho-tylkibas-audanynda-eki-deputat-tobelesti-foto-254984

«Көңілге күдік ұялататыны, 9-сыныптың куəлігінде физика жəне бейнелеу пəнінен 4 койылған. Егер екі пәннен төрттік болса неліктен анасын шақыртып, қызыңызды үздік куәлікке дайындап жатырмыз деп ақша сұрайды? Сонда ақша бермегені үшін 2 пәннің бағасын өздері өзгерткен болып тұр ма?

11-сыныптың аяғына дейін оқушыға сен үздік аттестат аласың деп құлағына құйып келіп, жыл соңында анасына Сіз 9-сыныпта одан бас тартқансыз деп айтқан. Менің білуімше, соңғы шыққан бұйрық бойынша жылдық бағасы барлық пəннен 5-ке шықса оқушыға үздік аттестат берілу керек. Мына аттестатта барлық пəннен 5 бола тұра үздік бермеген. Сонда баланың 11 жыл оқыған еңбегі қайда?» – дейді жазба авторы.

Мария Мырзаханның өзі де БҚО-да мектепте мұғалім боп жұмыс істейді екен. Педагогтар арасында оқушылардан ақша жинау, сыйлық алу сынды жемқорлық белгілері әлі де тыйылмай отыр дейді ол.

https://kaz.365info.kz/rpa-syz-aldyra-zhazdady-oralda-o-ushyny-shabynan-tepken-staz-sottaldy-247101

Соның бір мысалы ретінде шымкенттік сіңлісінің аттестатының фотосуретін желіге жүктеген. Онда Таңшолпанның мектепті расымен де кілең «бестік» бағамен бітіргені көрініп тұр. Алайда, соған қарамастан оған үздік аттестат берілмепті.

https://kaz.365info.kz/osy-diletti-me-synyptasyn-ryp-ltirgen-o-ushy-zhazadan-sytylyp-ketti-video-247472

Дерек көз: Sn.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз