Ал ендеше! Сот Денис Тенді өлтірді деген күдікті Нұралы Қиясов тұтқынға алу үшін санкция берді. 24 жастағы күдікті тұтқынға алынды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Жұма күні кешке Алмалы ауданының сотында күдіктіге қатысты бұлтартпа шаралары туралы отырыс өтті.
Дени Тенді өлтірді деген екінші күдіктіні, Арман Құдайбергеновты, қолға түсіру үшін сырттай оны тұтқындауға үкім шығарылған болатын. Бір сағаттан соң күдікті ұсталды.
Сотқа жұма күні азанда ұсталған Нұралы Қиясовты алып келді. Күдікті балалары және жұмысы жоқ екенін, бұрын сотталғанын айтты. 2015 жылы оны көлікті ұрлап кеткені үшін соттаған екен. Сот Алма Қиясова күдіктіге сөз берді:
“Мен ол адамды пышақтаған жоқпын. Мен тек қарап тұрдым”, — деді Нұралы Қиясов.
Сотта ол эмоцияларын білдіртпей, сабырлы сөйледі. Сөз соңында кішкене кідірді.
https://kaz.365info.kz/keshirshi-bizdi-zhanalykh-zhyrgizushisi-tikelej-efirde-zhylap-khaldy-video-324723
Сосын сот кеңесетін бөлмеге кіріп кетті. Нұралы Қиясовтың адвокаты соттан күдіктіге елден шығуға рұқсат бермейтін қолхат беріп, оны бостауды сұрады. Бірақ сот Нұралы Қиясовты тұтқындау үшін себептер саны жеткілікті деп шешті.
Сот Нұралы Қиясовты екі ай бойы қамауда ұстау туралы бұлтартпа шарасы бекітілді.
Естеріңізге сала кетейік, Денис Тен Алматыда жарақаттанып, қайтыс болған болатын. Ол мейрамханадан шығып, Құрманғазы көшесінде тұрған көлігіне қарай беттеп келе жатқан. Көлікке жақындағанда Денис “Лексусынан” айналарды шешіп алып жатқан екі ұрыны көреді. Кейбір куәгерлердің сөзінше, Денис Тен ұрыларды қуалай жөнелген. Бірақ пышақталып, сол жерде есінен танып қалады. Емханаға спортсмен ауыр халде жеткізіледі. Екі сағаттан соң, ол қайтыс болды.
Жамбыл облысының тумасы, күдікті Нұралы Қиясовты полиция қызметкерлері жұма күні азанда тұтқындады.
https://kaz.365info.kz/senindershi-magan-denis-tendi-oltirgen-kydikti-zhelige-tyrmeden-tysken-suretterin-zhyktedi-foto-324732