Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Мен президент болсам бар ғой…». Әсел Баяндарованың арманы зор екен

442

“Елдің бас телеарнасында (“Хабар” арнасы болуы керек) ән саламын. Жұрт теледидарды аз көретін уақытта “записьтегі” әнімді қоямын да, (мен енді диктатор емес шығармын) көп көретін кездері жанды дауыспен эфирге өзім шығар едім.

Ешкімді қорқытып-үркітпей-ақ, халықтың ыстық ықыласын біртіндеп жаулап алар едім.

Неше-түрлі пиар-әдістер арқылы атымды шығарамын, «Әсел Баяндарова ән салғанда соқыр баланың көзі көріп кетіпті, немесе ауыр науқастан өлгелі жатқан адам жазылып кетіпті», дегендей жаңалықтар шығып кетер еді. Жұрт сенер еді, қызықтың бәрі сонда басталар еді.

Мен мұнымен де тоқтамаймын. Вокал сабақтарынан қалмай, оған жауапкершілікпен қатысамын, менің пиар-науқаным барған сайын дүркірей түседі: Интернетте мен ән салғанда жер бетіндегі ең жыртқыш деген жануарлар, аю-арыстандардың қойдан жуас болып кеткенін дәлелдейтін суреттер пайда болады, әлемнің ең атақты жұлдыздары менің шашбауымды көтеріп жүруге зар болады.

Міне, осылайша мен стадиондарды адамға лық толтыра алатындай концерт беретін дәрежеге жетемін.

Концерттен түскен бар ақшаны бір тиынын қалдырмай бір бай отбасыға бере саламын. Сосын «Әсел Баяндарова не деген қайырымды, жомарт жан еді», деген сюжеттер түсіремін.

Бұл “грандиозный” (ғаламат, орасан – sozdik.kz) шоу болады!

Әлем сапалы музыкаға қол жеткізеді, өйткені менде талғам деген жетеді. Қарапайым кедей жандардың қатты байып кеткені жайында ертегіге бергісіз оқиғалар ойлап табамын, осылайша бүкіл қазақстандықтарға үлкен үміт сыйлар едім.

Қысқасы, мен адамзат тарихындағы ең күшті президент болар едім. Болды, бітті! Баяндарованы президент етейік!”.

Ия, осылай жазып қойыпты…
https://kaz.365info.kz/b-tyma-ara-bayandarovany-beti-b-lk-etpejdi-240641

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз