“Соңғы кезде руға бөлінетін дауылбайларды жиі көріп жүрмін. Қазақ болып туғанына мақтанатындардан шаршап едік.
Енді мен найман, сен адай, ол албан деп бөлінетінді шығарады…
Ну, и что, қоңырат болсаң, ну и что, Шыңғысxанның туысы болсаң? Соның саған қазір қандай пайдасы тиіп жатыр, әлде солардың ұрпағы ретінде соларға лайық қандай ерлік жасадың? Жоғарыдағы руларды жай мысалға айттым, оған бола ренжімеңдер…
Жалпы руға бөліну де, жүзге бөліну де, соны артықшылық санау да деңгейі төмен, айтары жоқ, шектелген адамның тірлігі екенін түсіндім.
Басқа ешқандай темада сөйлесе алмайтын, болашақта өзінің не істеп, не қоярын білмейтін, ертеңгі күні қалай дамитынын білмейтін жандар 100-200 жыл өліп кеткен батырларымен мақтанады.
Олардың киімін киіп, достарына мақтана алмайды. Біреу айтқан екен: “Қазақтар аттың етін жеп-жеп, оларға ескерткіш қояды” деп…
P.S. Батыры жоқ елдерге, жалпы адамзатқа батырды үйіп-төгіп шығарып берген Стэн Ли қайтыс болыпты. Нағыз жұмаққа баратын жан сол. Өйткені оның жасаған батырлары руға, жүзге, ұлтқа, дінге бөлінбейді, бүкіл адамзатқа ортақ…”
Нұрлан Жанай, блогер
facebook парақшасынан