Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
5
USD
427
+1.34
EUR
497
-1.07
RUB
5.53
-0.03

«Мен еркектен бір саты төмен тұрғым келмейді» — Баян Алагузова

1109
Сурет: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Алагөзова әйелдерге көптеген кеңес берді.  «Қазіргі жағдайға жасаған жеке бақылауымнан түсінгенім:

Біз әйелдерді ана, қыз, әпке, тұлға ретінде құрметтеуді қойдық

Әйелдер бір саты төмен тұру керек деген насихат жүргізіледі. Бірақ сол әйелдер бірінші болып алаңға шығады, олардың көбі азаматтық белсенділігін көрсетеді, әкімдердің кабинетінің алдына барып бас көтеретін де солар (…) Бұл жазбаны да әйел адам жазып отыр, —

дейді продюсер. —

Мен еркектен бір саты төмен тұрғым келмейді, Конституция бойынша құқығымыз бір, мен де еркектермен тең тұлғамын.

Әйелдер өзімізге төмен таптағы адам ретінде қарауға мүмкіндік беретін болсақ, елде қазіргідей жағдай жалғаса береді

(…) Біз парлементте, әкімдіктерде, министрліктерде отырған жоқпыз, отырсақ та біз жай ғана орынбасармыз, бақылаушымыз.

Ата-бабамыздың тарихын еске түсірейік. Біз қасқыр ана Ұмайдың ұрпағымыз, біз осы ерекшелігімізді естен шығармаған сәтте қалалар мен елдерді жаулап, тәкәппар, батыр және әділетті болған едік. Мүмкін бұл аңыз  шығар… Бірақ сол Ұмай ана мен әруақтарға сену батырларды ерлік жасауға жігерлендіріп, еркіндікке ұмтылдырған.

Мен әйелдердің күшіне сенетін санаулы адамдардың бірі ғана шығармын. Бірақ бұның уақытша екеніне сенемін!»

Продюсердің парақшасын бақылаушылардың көпшілігі оған қолдау білдірді.  «Осындай әйелдер көп болсын», «Мен сізді қолдаймын», «Дұрыс айтасыз», — деген сансыз пікір жазылды. Кейбірі тіпті продюсерге саясатқа араласуды ұсынды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз