Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Мен бұл мәселеден хабардармын”. Елбасы RBK банкке не болғанын айтты

https://kaz.365info.kz/50-myn-tenge-gana-aluga-rykhsat-rbk-banktin-tehnikalykh-defoltkha-yshyragany-ras-pa-284465

Ол екі аптадан бері банктің барлық карточкасы бұғатталғанын, кәсіпкерлер маусымнан бері жұмысшылардың жалақысын төлей алмай жатқанын, студенттер шәкіртақысын ала алмай отырғанын айтты.

“Ұлттық банк осының бәрін көріп отырып, маусымнан бері ешқандай шара қолданбай отыр. Банк салымшыларына көмектесуіңізді өтінеміз”, — деді ол.

“Мен бұл мәселені жақсы білемін, онда не болып жатқанын білемін. Өз адамдарын қаржыландыру үшін ұрлық жасаған акционерлердің былығы бұл.

Барлығын тәртіпке келтіреміз. Ұрылар тиісті жерде отырады. Оларды ақшаны қайтаруға мәжбүрлейміз. Бұл банктің жұмысын тұрақтандыруға тырысамыз. Әсіресе, жеке тұлғалар өз қаржысын қайтарып ала алады”, — деді Назарбаев.

Қазіргі уақытта үкімет ұлттық банкпен белсенді жұмыс істеп жатыр, деп түйді сөзін президент.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз