Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
3
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

“Мен бәрін білем”. Мұхтар Тайжан қытайға тиген қазақ қыздары туралы айтты

133

Мұхтар Тайжан

Расында, Кедендік одақ кәдімгі бодандық, бізді экономикалық жағынан отар ел қылды. Сөйте тұра Қытайдан қауіптену біздің не теңіміз?

Ақпарат жағына келсек, теледидар, радио орысша сайрап тұр. Полигон Қытайдыкі емес, Ресейдікі. Сондықтан мен Қытайдан қорықпаймын. Өйткені тарихта да біздің бабаларымыз Қытайдан қорыққан емес. Керісінше олар бізден сескенетін.

Мен Қытайда болғанымда, жергілікті халықпен сөйлестім. Олар өте жуас, момын халық, агрессивті емес. Қарапайым халық көшпенділер мықты, олардан аулақ жүрейік деп ойлайды. Моңғолдардан қорқады. Әрине, пара беріп, жерді сатып алуға дайын. Бірақ сен өзің “мен пара алмаймын, тек адал бизнес жасаймын” десең, әңгіме жоқ.

Сондықтан біз Қытайдан қорықпай, екі жаққа тиімді бизнес жасауымыз керек. Олар қолдарына қару алып, бұл жер менікі деп келмейді. Себебі соңғы 40 жылда Қытайдың саясаты ондай емес.

Мәселе қазақ қызында емес…

Бұдан бөлек Мұхтар Тайжан қазақ қыздары жайына да тоқталды.

– Қазақ қыздары қытайларға тиіп жатыр деген ақпарат, бұл жай ғана іштегі үрей.

Константин Сыроежкин деген мықты қытайтанушы бар, ол бәрін көрсетті. Мен статистиканы білем, ондай жоқ. Қазақ қыздарына да сенемін. Әрине, Қазақстанда 13 миллиондай қазақ тұрады. Үлкен ұлт болғаннан кейін, аласы да, құласы да болады. Бірақ бірлі-жарым адам үшін, трагедия жасаудың қажеті жоқ. Қытаймен де қорықпай, адал, өркениетті бизнес жасауға болады. Ал

егер билік ұлттық мүддемізді сатып жүрсе, ол қытайлардың емес, біздің кінәміз.

https://kaz.365info.kz/men-barin-bilem-myhtar-tajzhan-zhelidegi-anonimderdin-maskharasyn-shygardy-300820

Екі-ақ миллионы бар Моңғолия неге Қытайдан қорықпайды? Неге бес миллион қырғыздар, тәжіктер қорықпайды? Ал біз 18 миллион бола тұра, неге қорқамыз?! Керісінше, олар бізден қорқуы керек.

Біріншіден, біз қазіргі заң жобасында Қазақстанның кей азаматтарының құқығын шектедік. Яғни,

шетел азаматына күйеуге шыққан қызға немесе шетелдік қызға үйленген азаматтың құқықтары шектелді.

Қазақстанның мұндай азаматтары шекара қасындағы аудандарда, тіпті жалға да жерді ала алмайды. Тіпті Қазақстан азаматы да ала алмайды. Біздің заңымыз мораторийді де күшейтті. Мораторийде заңды тұлғада 50 пайыз шетелдік болса, онда оған жер берілмейді деп айттық. Ал біздің заңымызда кез келген пайыз, яғни, нөл, бір пайыз үлесі болсын, бәрібір, ешкімге жер берілмейді. Біз мораторийді күшейтіп отырмыз.

Уақыт бар, біз бұл мәселені қағида тұрғысынан шешіп тастаймыз. Бүгін де, ертең де жерімізді ешкімге сатқызбаймыз да, шетелдіктерге жалға бергізбейміз. Мен бұған сенімдімін.

Жер туралы заңды тоқтатсақ, ең бірінші, латифундистер қалпағын көкке лақтырады

Сондай-ақ ол ел ішіндегі үрей мен жалған сөздер латифундистердің оң жамбасына келетінін айтады.

– Меніңше, латифундистер қазір қорқып отыр. Мынадай дау болғанына қуанған да шығар, себебі мына заң жобасын тоқтатсақ, оларға жақсы болады.

Біріншіден, әр адамның қолындағы жерінің көлеміне шектеу қойылады. Әр аудан, өңір үшін норма бекітіледі. Бұрын Қазақстанда мұндай болмаған. Екіншіден, жер пайдаланылмай бос тұрса, онда мемлекетке қайтарылады. Латифундистер жерді игермей жатыр. Екі маусым, яғни бір жылда игермесе, кері қайтарады. Сосын бос тұрған жерге салықты он есе көп төлейсің.

https://kaz.365info.kz/t-re-alidi-ty-da-tajzhan-t-rehanovty-byt-shytyn-shy-ardy-246948

Банкте кепілде тұрған жерлер де көп, олар да бос тұр. Бірақ банктің уәжі мынадай: жер иесі алған несиені қайтармады, сондықтан кепілді босата алмаймыз дейді.

Біз банктерге кепілдегі жерді босатыңдар дедік. Ал олар босатқан жағдайда 30 пайыз мөлшерінде қосымша салық төлеуіміз керек деп шулап отыр. Біз 30 пайызды алып тастадық, олар көнді. Заң жобасына осы норманы да енгізіп отырмыз. Яғни біздің жоспар, жерлерді босатып, жергілікті халыққа көбірек беру. Сондықтан бұл заң жобасы сапалы. Әрине, арандатушылық болады, сондықтан заң білетін адамдар үнемі сұқбат беріп, жерге қатысты нәрселерді осылай айтып отыру керек.

https://kaz.365info.kz/m-htar-tajzhan-bauyrzhan-bajbek-tarihty-rmet-t-ta-almasa-bizge-r-sat-ber-biz-zhasajmyz-238465

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз