Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мен әлі қызбын…

101

– Е, сендердің күндерің әлдеқашан біткен. «Моды¬дан» қалғансыңдар. Қазір Қазақстан бізге қарайды. Жаңа жылдары бізсіз өтпейді… Бір жағы сендерді кесіп, мерекелік шырша етпегендері де жақсы. Ертеңіне-ақ қайтыс болып кетесіңдер. Просто, обал сендерге, жаным ашиды… Ал, біз деген… Біз, ойхой шіркін, мәңгі өлмейміз! Өйткені, жасандымыз! Біз мықтымыз! – деген жасанды шырша ойыншықтарын сылдырлатып, диотты шамдарын жағып, табиғаттағы құрбысына қасын кере қарады.

– Сендер мақтаншақсыңдар! Адамдар да мақтаншақ! Мақтаншақ шенеуніктер жыл сайын ысырапшылдыққа жол береді.

– Сен абайлап сөйле! Адамдардың қызығын көре алмайсың ба? Ал, онда тұрған не бар? Шенеуніктер өз қал¬тасынан төлеп жатқан жоқ, қазынаның қаражатына шырша сатып алады. Соны да сөз етіп… Көре алмай тұрсың ғой, ә?

– Кешір, Елкабике… Былтыр Петропавл әкімдігі елден ерекшеленеміз, бәрі бізге тамсанып, сілекейлері ағатын болады деп, жалпы құны 13 миллионнан асатын 4 бірдей светодиодты шырша сатып алды. 60 мың светодиодты бір мезетт¬е жарқыратып, ЛЭД экраны арқылы түрлі құттықтаулар жазылатын, ең басты шыршаның өзі ғана 9 миллион теңге тұрады екен! Ал, қайран қазақ контейнерде тұрып жатыр, балалары күрк-күрк жөтеліп… Халық шыршалардың тым жасанды¬ болып кеткенін айтып отыр. Сөздерінше ескі болса да, бұрынғы шыршамыз табиғи әрі әсерлі көрінетін еді дейді…

– О, албасты! Қара мұны! Сен өзің бәлеқор қатын екенсің ғой!

– Кешіріңіз, мен әлі қызбын… Күйеуге енді шыққалы тұрғанымда, қырқып әкетті…

 

Мұхтар Шерім

Facebook-тегі парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз