Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
13
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Мемлекеттік қызметтегі жалғызбасты ана мен әке аттестациядан босатылады

Мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестациялаудан “Б” корпусындағы қызметкерлер өтеді: орталық деңгейде – министрліктер мен ведомстволар департаменттерінің сарапшыларынан бастап директорларына дейін;

облыстық деңгейде – жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың мамандарынан бастап басшыларына дейін;

аудандық деңгейде – ауылдық әкімшіліктердің жетекші мамандарынан бастап аудан әкімдерінің орынбасарларына дейін,

аумақтық органдардың мамандарынан бастап басшыларына дейін.

Аттестациядан кім босатылды?

Бұған декреттік демалыстағылар, аяғы ауыр әйелдер, 3 жасқа дейінгі сәбиі бар әйелдер, 14 жасқа дейінгі бала тәрибиелеп отырған жалғызбасты әкелер мен аналар жатады.

Сонымен қатар, зейнет жасына тақап қалған тұлғалар, “А” корпусының резервінде тұрған қызметкерлер, мемлекеттік қызметке алғаш рет тұрған және алты айдан кем уақыт жұмыс істегендер аттестациядан босатылады.

Аттестацияның үш кезеңі

Бірінші кезеңде жұмыскерге қызметкерлерді басқару қызметі бағалау парағын толтырады, онда қызметкер туралы жеке деректер, сонымен қатар көтермелеу, жаза, бағалау нәтижелері туралы мәлімет, тікелей басшысының мінездемесі қамтылады.

Екінші кезеңде қызметкерлердің жеке біліктіліктерін тексеру үшін тест алынады.

Үшінші кезеңде аттестациялық комиссиялар қызметкерлермен сұхбат жүргізеді, комиссия мүшелері сұхбаттың қорытындысы мен алдыңғы кезеңдегі нәтижелерді ескеріп, шешім қабылдайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз