Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Мемлекеттік қызметте конкурстан тыс тағайындаулар азайды

Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайтында хабарланды.

«Бүгінгі таңда конкурстан тыс тағайындаулар 25 есе азайды. Бірінші басшылардың сапасын бағалау үшін белгіленген пайыз бар екенін байқадық. Жоғары деңгейдегі бұзушылықтар азайды, алайда орталық мемлекеттік органдардың басшылары өзгерген жағдайда кадрлардың жылыстауын да көріп отырмыз. Олардың себептері ретінде өз еркімен жұмыстан кету, басқа жұмысқа ауысу және басқалары көрсетілген, бірақ біз оның себептері анағұрлым терең екенін түсінеміз», – деп жауап берді Қайрат Қожамжаров депутат Серік Сейдумановтың командалық ауысуға қатысты қойған сұрағына.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы заңнамаға сәйкес ведомство өтініштер түскен жағдайда ғана араласуға құқылы екенін атап өтті.

«Алайда, ағымдағы жылы мұндай жағдай орын алған жоқ, сондықтан бірінші басшылардың қызметін бағалау туралы келісімдерге кадрлардың ауысымдылығы сияқты индикаторды қосу қажет деп ойлаймыз. Бізде әкімшілік заңнаманы қолдану, мұндай басшыларды жауапкершілікке тарту бойынша өкілеттіктер бар. Біз бұл мәселемен жүйелі түрде айналысатын боламыз», – деп қосты Қайрат Қожамжаров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз