Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкерлері парамен ұсталды

Аталған бюроның мәліметі бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында Мемлекеттік табыс комитетінің Борышкерлермен жұмыс жасау басқармасының бұрынғы басшысы А.Мұсаибов бірнеше қызметтесімен алдын ала келісіп, заңсыз жолмен жалған кәсіпорындар ашқан. Сөйтіп ол салық төлемеудің жолын тапқан.

Өзгенің мүлкінен пайда көру және қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін де ол Мемлекеттік табыс комитетіндегі қызметкерлерді пайдаланған. Оған „мемлекетке ірі мөлшерде шығын келтірді„ деген айып тағылып отыр.

Қазіргі уақытта лауазымды тұлға „үй қамаққа„ алынды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында А.Мұсаибовтың 2015 жылы бір топ тұлғамен алдын ала келіскені, соның ішінде Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік табыс комитетінің Қаржылық ұйымдастыру басқармасының басшысы К.Юнмен де ауызжаласқаны белгілі болды.

Олар бірлесе отырып, жалпы сомасы 290 миллион теңгенің шот-фактураларын банкрот болып танылған «Кузбасское ХПП-Север» ЖШС атынан «Орал Құрылыс Монтаж» ЖШС-ға заңсыз түрде жазып бергені анықталды.

Бұл заңсыз әрекеті үшін А.Мұсаибов К.Юннан 5,5 миллион теңге алған. Соған байланысты К.Юн мырза да ұсталып, Петропавловскі қаласында уақытша қамау абақтысына жабылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз