Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Мемлекеттік хатшы Дүниежүзілік хирургтер қауымдастығының конгресіне қатысты

Қазақстан – бүкіл халық жоғары мамандандырылған тегін медициналық көмекке қол жеткізе алатын әлемдегі аз ғана мемлекеттің бірі. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында кардиохирургиялық операцияның барлық түрі жасалады. Ол еліміздің ғана емес, әлемдік кардиохирургияның көшбасшысының біріне айналды. Адамзаттың денсаулығын жақсарту жолында өз білімі мен кәсібилігін іске асыруға дайын жетекші мамандардың басын қосқан жаһандық форум – соның айқын дәлелі.

Бүгінде «Денсаулық» бағдарламасының арқасында Қазақстанның кардиохирургиялық қызметі қарқынды дамып келеді.

Егер 90-шы жылдардың басында елде жүрекке жасалатын ашық операция саны жылына 500-ден аспаса, 2016 жылы ол – 12 мыңнан асып түсті. Қазақстан кардиохирургияның даму деңгейі жөнінен озық 30 елдің тізіміне кіреді.

2010 жылы құрылған Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы отандық кардиохирургияның көшбасшысы болып саналады. Бүгінге жүрек-тамыр ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша 18 инновациялық технология енгізілді, әлемнің тек 20 елінде ғана жүргізілетін 2050 бірегей ота жасалды. Орталық жүрек алмастырудан 55 операцияны табысты өткізді.

Анықтама: Дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торакальдық хирургтер қауымдастығы 1990 жылы Канцлер Джуро Ваданың (Жапония) басшылығымен құрылды. Алғашқы кеңесі 1991 жылы Чиангмайда (Таиланд) өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз