Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында барлық сала инновацияға бет бұрып жатыр

155

Экономикалық өсімнің бәсеңдеуі әлемнің барлық экономикаларында да көрініс тауып отыр деп жазады Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжапар Сапарбаев “Егемен Қазақстан” газетінде жарық көрген мақаласында.

Әлемдік эко­номиканың нақты құлдырау көр­сет­кіштері ешкімді де таңғалдыр­май­тын болды. 2014 жылы Халықаралық валюта қоры өзінің болжамын алты рет қайта түзетуге мәжбүр болды: даму көрсеткіштерін бестен үшке дейін түсір­ді. Бұл да шек емес.

Таяудағы онжылдықта Қазақ­стан­ның алдында тұрған міндеттер эко­но­миканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету; өңделген тауарлардың экспортын 2015 жылмен салыстырғанда, кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жы­лына 30 миллиард долларға дейін жеткізу; экономика­ға жыл сайын­ғы инвестициялар­дың көлемін 10 мил­лиард доллардан ас­тамға ұлғайтып, тұтастай алғанда, 10 жыл ішінде кем дегенде 100 миллиард долларға жеткізу; 660 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін 2 еседен астамға арттыру. Экономикалық өсімнің мұндай қарқыны тек экспорттық табыстар ағынын мүмкін ететін жаңа драйверлер қалыптастыру есебінен ғана қамтамасыз етіле алады.

Елбасының қалың бұқараға жол тартқан 5 реформасын орындауға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында еліміздің өңір-өңірін­де, түкпір-түкпірінде және барша сала­ларында қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл ретте «Алдымен экономика, одан кейін саясаттың» ұстанымына орай еліміздің экономика саласының мамандары жұмыла іске кірісуде. Яғни, «Нұрлы Жол» бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары әлемдік дағ­дарысқа қарсы нағыз мезгілінде дүниеге келгеніне көзіміз жете түсті.

Бүгінде Елбасы экономиканы әр­тараптандыру және оны шикізаттық емес, жоғары технологиялық жолға қайта бағдарлау жөнінде жаңа мін­дет­терді алға қойып, үдемелі индуст­рия­лық-инновациялық даму жөніндегі мем­­лекеттік бағдарлама қарқын алып келеді. Сол себепті осы бағытта ат­қа­­ры­­­лып жатқан міндеттер мен ең­бек­­тердің барлығы ел мүддесін көз­дей­ді. Яғни, еліміздегі жүріп жат­қан инновациялық-технологиялық даму бағдарламасының басты мақ­саты өнеркәсіпті тұтастай тұрғыдан да, сондай-ақ жекелеген өндірістер тұрғысынан да қайта құрылымдау болып табылады. Бұл – өнеркәсіп өндірісінің құрылымында оңды өзге­рістерге қол жеткізуге, бүгінгі заманға сәйкес корпоративті құрылымдарды дүниеге әкелуге және ұзақ мерзімді ыңғайда сервисті-технологиялық экономикаға көшу үшін негіз әзірлеуге тиіспіз деген сөз.

Мемлекет басшысы айтқандай, еліміздің дамыған отыз ел қатарына ену жолындағы жоспары екі кезең бо­йын­ша жүзеге асырылатын бо­ла­ды. 2030 жылға дейінгі алғашқы кезең­де бар мүмкіндікті пайдаланып, ин­дус­триялық-инновациялық даму­дың даңғыл жолына серпіліс жасау, ал екін­ші кезеңде, яғни 2030 бен 2050 жылдар аралығында ғылымға негізделген экономикаға қол жеткізу басты мақсат. Менің ойымша, Пре­зи­денттің ғылымға негізделген эко­но­мика қалыптастыру туралы тапсыр­масы ғылым мен инно­вациялық техно­логияларға баса назар аудару қажеттігін білдіреді.

Ғылыми қамтымды экономика құру, ең алдымен, Қазақстан экономикасы­ның инновациялық әлеуетін арттыру болып табылады. Бұл бағыт бойынша вен­чурлік қаржыландыру, зияткерлік мен­шік­ті қорғау, зерттеулер мен инно­в­а­­цияларды қолдау, сондай-ақ ғылы­ми әзірлемелерді коммерцияландыру жөнін­­дегі заңнаманы жетілдіру қажет. Ғылымды қаржыландыру көлемін бір­тіндеп арттырып, оны дамыған ел­дер­дің көрсеткіштеріне жеткізу жөнін­де нақты жоспар қажеттігі айқын көрі­неді. Яғни, экономиканың жоғары тех­но­логиялық жаңа салаларын құру ғы­лым­ды қаржыландыруды ІЖӨ-нің 3 па­йызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді.

Ең бастысы, инновациялық-ин­дустриялық бағытта атқарылып жатқан істерді жалғастыра беруіміз керек. Әрине, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі сияқты басқа салалардың рөлін ешкім жоққа шығармайды. Әйтсе де, ешбір сала индустрия саласы сияқты елдің экономикасының өсуіне елеулі ықпал ете алмайды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында индустрияландыруға, сондай-ақ шағын және орта бизнесті инновациялық тұрғысында дамытуға айрықша тоқталып отырғаны да сондықтан. Осының бәрі экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді. Экономикасы әртараптандырылған елдердің халқы дағдарыс кезінде қинала қоймайды.

Соңғы жылдары еліміздің көлік-коммуникация кешенінің негізгі көрсеткіштері тұрақты өсіп келеді. Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және интеграциялау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2020 жылға қарай республика Еуропа мен Азия өңірлерінің нарықтары арасындағы негізгі логистикалық операторы және басты транзиттеушісіне айналуы тиіс. Сол тұста Қазақстан арқылы транзит көлемі екі есеге артып, 30 млн тоннаға жетеді деп күтілуде.

Қазақстан экономикасының нақты құрылымы ондағы кәсіпорындардың 65 пайызы үшінші технологиялық санатқа, 34 пайызы төртінші санатқа жататынын, тек 1 пайызы ғана бесінші және алтыншы технологиялық санатқа сәйкес келетінін көрсетеді. Басқа­ша айтқанда, біздің экономикамыз­дың негізгі «қозғаушылары» өткен ғасыр­дың ортасында дами бастаған салалардың негізінде жұмыс істеп отыр. Сондықтан да біз технологияға салынған инвестиция өркендеуге салынған жол деп айтамыз. Бұл орайда ең алдымен негізінен екі сала дамитын болады. Оның біріншісі – экономика арқа сүйейтін ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі, мұнай-газ секторы және басқа да салалардың технологиялық тұрғыдан артта қалуын қысқарту. Екін­шісі – робот техникасы, нано-технологиялар, тағы басқа салалардың дамуы.

Қазіргі уақытта технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің құзы­­рында инновациялық жобалар­ды қолдауға арналған құралдардың тұтастай тізбесі бар. Олар ең алдымен инновациялық гранттар, венчурлық қаржыландыру, технологияларды шет елдерден трансферттеу және елдегі инновациялық белсенділікті арт­тыруға бағытталған түрлі іс-шара­лар болып келеді. 2014 жылдың өзінде мемлекеттік қолдауға ие болған жоба­ларды жүзеге асыру барысында 1100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған болатын, 930,3 млн теңге көлемінде салық төленіп, 33,3 млрд теңгеге өнім шығарылды.

«Астана» халықаралық қаржы ор­талығын құру туралы шешім қабыл­данды. Ол исламдық қаржылан­дыру, приват-банкинг және қайта сақтандыру салаларында өңірлік хаб болады. Қазақстан күшті институттары, білікті, тиімді және болжамды үкіметі бар өңірдегі көшбасшы елге айналуы тиіс. Бізде озық техникалық кадрлар, әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымдар болуы тиіс, қоғамдық тәртіп пен адамдардың жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.

Қазіргі уақытта елімізде индус­трия­лық-инновациялық бағдарламаның екінші бесжылдығы табысты жүзеге асырылып келеді. Осыған байланыс­ты алдағы кездерде техникалық ма­ман­дықтарға сұраныс болатыны анық. Бұл мәселені терең ойластыра келе, Мемлекет басшысы 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауында «Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы басталаты­нын жариялаймын» деп, оны жасау жөнінде Үкіметке нақты тапсырма берді. «Бақытыңды жер-көктен іздеме, еңбектен ізде», демекші, жастарымыз еңбектің қадірін біліп, белгілі бір кәсіп иесі болып, техникалық мамандықты меңгеріп шықса, елімізге де, өзіне де пайдасын көп тигізген болар еді.

Инновациялық технологиялар паркінің инновациялық кластерінде 67 ғылыми-зерттеу институтының, 45 жоғары оқу орнының, 40 мыңнан астам бітірушінің қабілет-қарымы ұйыстырылған, онда технологиялық дағ­дыларды алуға, жобалар акселера­ция­сына және серпінді идеялардың жүзеге асуына қажетті жағдайлар жасалуда.

Қазақстан, әу бастан-ақ, осы заман­ғы нарық экономикасын құруға күш салғаны белгілі. Біздің еліміз ТМД кеңістігінде алғашқылардың бірі болып өзінің сипатына қарай нарық­тық мемлекет деп танылды. Соны­мен бірге, сапалық серпілісті және әлем­нің бәсекеге ең қабілетті елдерінің дең­г­ейіне көтерілуді қамтамасыз ету үшін бәсекелі нарықтың базалық жағ­дайлары – бір медальдың екі жағы секіл­ді бәсекелестік орта мен мөлдірлік әлдеқайда күшейтілуі тиіс.

Ел экономикасына инвестиция тарту тасқыны толастаған емес. Қазіргі уақытта біздер байқап отырған күрделі сыртқы экономикалық жағдайларға, геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан экономикалық өсім мен инвесторлар үшін тартымды екен­дігін дәлелдеп келеді. Қазақстан гео­графиялық тұрғыда дәстүрлі өңірлік нарықтарға қызмет көрсету үшін оңтайлы орналасқан, сонымен бірге Қытай, Үндістан және Таяу Шығыстың нарықтарына шығу мүмкіндігі бар екендігі белгілі.

Бүгінгі таңда «Global» тізіміндегі 25-тен астам ірі инвестор өздерінің осындағы өндірістерін кеңейту және жаңа өндіріс ашу үшін жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында «Тойота», «Кока-кола» сияқты ірі инвесторлар бар. Сонымен қатар, «Жібек жолы» бағдарламасының ынтымақтастығы аясында қытайлық әріптестермен бірқатар жобалар жүзеге асырылмақ.

Қазіргі күні бүкіл жаһан жұрты ақпараттың алапат ағынына ілесуге ұмтылуда. Әрине, бүгінгі өмірді онсыз елестету мүмкін емес. Себебі, ақпа­рат­тық технологиясы тереңдей түскен елдің барлық салада да алар асуы биік екені анық. Осыған орай «Ақпаратты Қазақстан-2020» бағдарламасы әзір­леніп, ол бүгінде жүйелі жүзеге асыры­лып та жатыр. Оның негізгі мақсаты – Қазақ­станның ақпараттық қоғамға өтуін қамтамасыз етуге жағдай жасау. Бағ­дар­лама Мем­лекет басшысының «Жал­пыға Ор­тақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қада­мында» айтылған тапсыр­ма ая­сын­да дайындалған болатын. Мем­­ле­кеттік бағдарлама мемлекеттік бас­­қару жүйесінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету, инновациялық және ақпараттық-коммуникациялық инф­рақұрылымның қолжетімділігі, қоғам­ның әлеуметтік-экономикалық жә­не мәдени тұрғыда дамуы үшін ақ­па­раттық ортаны қалыптастыру, сон­дай-ақ отандық ақпараттық кеңіс­тік­ті дамыту мәселелерін шешуге бағытталған.

Әлемдегі дағдарыстың екпіні қуатты мемлекетке айналған, жаһан­дағы 30 елдің қатарынан орын алуға ұмтыл­ған мұраты биік тәуел­сіз Қазақстанды бағы­тынан жаңыл­дыра алмайды. Өйт­кені, біздің бас­ты құндылығымыз – тәуел­сіз­дік, мұраты­мыз – Мәңгі Ел болу!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз