Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Үлескерлер, автотұрақ және маса мәселесі. Тоқаев Елорданы дамыту бойынша қандай мәселелерді көтерді

221
Zakon.kz

Үлескерлер проблемасын шұғыл шешу

“Үлескерлерді алдаған алаяқтар түрмеде отыруы тиіс”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы қала әкімі Алтай Көлгіновке тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны мен құрылыс жұмыстары көлемін арттыруды тапсырды.

«Үлескерлік мәселесі де жедел шешуді қажет етіп отыр. Қалада 49 проблемалық нысан қалып отыр. Олардың құрылысының аяқталуын 13 500 үлескер күтуде. Бұл проблеманы шешуге 2018-2019 жылдары 40 млрд теңге бөлінді. Бірақ, небәрі 4,5 млрд теңгесі ғана игерілген. Бұған қоса, әкімдік қосымша 170 млрд теңге сұрайды», – деді Мемлекет басшысы.

Ал осы мәселеге қатысты түсініктеме берген қала басшысының айтуынша, әрбір проблемалы нысанға қатысты жол картасы әзірленген.

«Алаяқтар түрмеде отыруы тиіс. Өйткені, олар өздерінің іс-әрекеттерімен азаматтарымыздың негіз құраушы құқықтарына қастандық жасап отыр. Азаматтарымызды алдап, оларды далада қалтырады. Мұндай жағдайда мемлекет те араласпай қалмауы керек. Әрекет етіңдер де, баяндаңдар!», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Үйлесім жоқ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, елордадағы нысандардың орналасуында үйлесім жоқ.

«Елордада қала құрылысының бірыңғай саясаты жоқ. Бұл, бірқатар ауданда ретсіз, бейберекет құрылыстарға алып келеді. Көшелер мен ғимараттарды рәсімдеудің бірыңғай үйлесімді стилі жоқ. Сіздер елорданы көру үшін арнайы келген туристердің пікірлерін естіген де шығарсыздар. Толықтай алғанда, олар әрине, оң пікірлер. Бірақ, қалада эклектиканың да жоқтығын атап өтеді», – деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының пайымынша, мұндай нысандарда жайлылық болмайды.

«Бір ғимарат бір стильде, екіншісі басқа стильде салынған. Ең бастысы, жайлылық жоқ. Плиталары ұшып, асфальт жарылып жатыр. Жасыл өскін аз. Жалпы, қаланы қадағалап, күтіп ұстамайтындай сезім қалыптасады. Қожайыны жоқ», – деді Қ.Тоқаев.

LRT құрылысына қатысты істі тергеуді жеделдету

Мемлекет басшысы LRT құрылысына қатысты істе жауапкершіліктен шетелге қашып кеткен шенеуніктермен қатар, шешім қабылдаған әкімдіктің басшыларын да тергеу қажеттігін айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тергеуді жеделдеу тапсырмасымен жүгінгім келеді. Біреулердің шетелге қашып кеткендігін айтып, үстімен жүруге болмайды. Бұл жоспарланған қашып кету екендігі түсінікті. Өзгелерді, оның ішінде шешім қабылдаған әкімдіктің басшыларын қаперден тыс қалдырмау керек», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті тіпті ол LRT компаниясының басшысы болса да бір ғана орындаушыға ғана назар аударылатын проблема еместігін баса айтты.

«Мәселен, шешімді әкімдік қабылдады. Тереңірек тексеріңіздер, бұл өте даулы жоба, экономикалық тұрғыда түсініксіз. Әрине, Үкімет пен әкімдіктің қол қолауымен оны жүзеге асыруға тура келеді. Себебі халықаралық міндетте бар. Бұл проблеманың мән-жайын анықтайық», – деді Қ.Тоқаев.

Автотұрақ мәселесі

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев автотұрақтар мен паркоматтар ұйымдастыру мәселесін көтерді.

«Елордада автотұрақтар мен паркоматтар ұйымдастыру мәселесіне жеке тоқталғым келеді. Бұған қатысты Елбасының да тапсырмасы болған еді. Бірақ, бұл мәселе әлі күнге шешілген жоқ. Сулы-жасыл желекте ғана ілкі автотұрақ аймағы құрылды. Мәселені шешу неліктен созылып кеткені, шынайы қиындық неде екені түсініксіз», – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті елорданың үнемі ұлғайып келе жатқанын баса айтты. «Сондықтан азаматтардың ұтқырлығы басым міндет болуы тиіс», – деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Масаны жою жұмыстары

Қасым-Жомарт Тоқаев маса мәселесі неге жыл сайын мазалайтынына наразы болды.

«Бүкіл жаз бойы қаптаған маса қала тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздық тудырды. Менің бұл тақырыпта сөз қозғағанымның өзі ыңғайсыздау. Масалар кеше ұшып келген жоқ қой. Бұл жоспарлы жұмыс болуы тиіс», – деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысының дерегінше, масаны улауға бөлінген 395 млн теңге қаражаттың тек 65 пайызы ғана игерілген.

«Жұмыс дер уақытында, лайықты үйлестірусіз жүргізілген. Жағдайдың ерекшелігі барынша белгілі. Бірақ, маған жағдайдың жылдан жылға қайталанатындығы түсініксіз. Басқарушыларымыз бен менеджерлеріміз қандай өзі», – деді ҚР Президенті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз